Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында, Облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 5–8-сынып оқушылары арасында ІІ Республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті.
Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Шәкәрім Құдайбердіұлы «Абай бағытын» ұстанды. Қилы заманда оққа ұшқан ақынның есімі де, жұртшылық санасынан аласталмақ болған еді. «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші, өзі өлсе де, аты өшпеген Шәкәрім атамыздың шығармалары әлі де жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып келеді.
Шәкәрім бабамыздың өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқу сайысына облысымыздың түкпір-түкпірінен 30-дан астам қатысушы келіп, бақ сынады. Оларға Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, сатирик, халықаралық «Шабыт» фестивалінің әдебиет номинациясы бойынша гран-при иегері Абылай Мауданов, Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, әлеуметтік педагог маманы Сымбат Салмагамбетова және Облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының библиографы Зоя Кенжигарина төрелік етті.
Байқау шарты бойынша тартысты дода «Талап» және «Білім» атты 2 кезеңнен тұрды. Сайыстың басты талабы – алдын ала берілген Шәкәрім Құдайбердіұлының 20 өлеңін жатқа білу және биылдан бастап қатысушылардың ұлттық киім киюіне мән берілді. Бірінші, іріктеу кезеңінде реттік саны бойынша бес-бес қатысушыдан сахнаға шығып, ақын өлеңдері бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, ақынның 20 өлеңнің ішінен қазылар алқасы айтқан кез келгенін оқып берулері керек болды. Мәнерлеп оқу шеберлігімен ерекшеленген 10 қатысушы келесі кезеңге өтті.
«Білім» кезеңінде үздіктер Шәкәрім бабамыздың өмір жолы мен шығармашылығына қатысты үлкен экранда берілген 1-ден 22-ге дейінгі сандардың бірін таңдап, онда жасырынған сұрақтың жауабын тапты. Белсенді жастар әділ қазылар алқасының назарынан тыс қалмады. «Жұлдыз» студиясының домбырашылары өнер көрсетіп, кештің шырайын келтірсе, қатысушылар бір-бірінің өнерін тамашалап, дайындық деңгейлерін іштей бағалап отырды. Әрине, бәрі де жеңістен үмітті. Мәселен, Тобыл қаласындағы Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері 7 оқушыны дайындап әкелген. Шолпан Сейтмағамбетованың айтуынша, шәкірттері өткізілетін байқаулардың белді қатысушылары. Ардақты ұстаздың еңбек өтілі – 32 жыл.
«Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз – тұл» демекші, бұл тұста жетекшілердің еңбегін ерекше атап өтсек ләзім. Байқау соңында қатысушыларды дайындаған жетекшілеріне Зоя Әлмұқанқызы Алғыс хат табыстаса, қатысушылардың өзін қазылар алқасының мүшесі Сымбат Амангелдинқызы Алғыс хаттармен марапаттады. Ал, II Республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауының облыстық кезеңінде жүлделі орынға ие болған жеткіншектердің жүлдесін Абылай Фазылханұлы табыс етті.
Нәтижесінде жүзден жүйрік шығып, Шәкәрімнің қай өлеңін де мүдірмей оқып, әділ қазылар тарапынан болған сұрақтарға толымды жауап берген Арқалық қаласындағы Кейкі батыр атындағы №4 ЖББ мектептің 7 «А» сынып оқушысы Мейірлан Қапез 1-орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды. Ал, екінші орынға Қарабалық ауданындағы М.Сералин атындағы ЖББ мектептің 5-сынып оқушысы Аяла Ожар ие болса, жүлделі үшінші орынды Қостанай қаласындағы М.Хакимжанова атындағы №20 ЖББ мектептің 5 «А» сынып оқушысы Айдос Марат қанжығалады.
– Шәкәрім шығармашылығында ең жақсы көретін өлеңім «Тура жолда қайғы жоқ» өлеңі. Ақынның өмір жолына зер салсақ, өз кезеңіндегі адамдардың тағдырына алаңдаған жан болғанын ұғынамыз. Ол өз бетінше білім алған. Орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік білген, – дейді жеңімпаз Мейірлан Марғұланұлы. Мектеп кітапханашысы Айгуль Кощанованың айтуынша, бұған дейін Мейірлан «Абай оқуларының» облыстық кезеңінде бас жүлде иеленген. Қабілетті жастың алдағы асуларына сәттілік серік болсын дейміз.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.