«Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі – қолбасшылық, екіншісі – шешендік», – деп ежелгі Римнің әйгілі шешені, жазушы әрі қоғам қайраткері Марк Цицерон айтқандай, өз ойыңды ашық жеткізіп, келістіре айту да – үлкен өнер.

Жастарды көшбасшылыққа баулудың бір жолы – дебат. Еліміздің ертеңін қалыптастырар бүгінгі жастардың өз ойын ашық білдіріп, еркін сөйлеуі маңызды. Оларға қоғамдық-әлеуметтік маңызды мәселелерді талдап, түсіне алу қабілеті қажет. Осы тұста пікірсайыс жастарымызды ұтқыр ойлы, саяси сауатты болуға баулиды. Жеке тұлғаның танымын, ой-өрісін кеңейтетін тұсы тағы бар.
Сонымен, дебат деген не? Оның мақсаты неде десеңіз, ол – тәртіп пен тәрбиенің, сыйластықтың ортасы. Ойында сөз жарыстыра отырып, қарсыласқа ұтымды жауап қайтару, өзіңнің идеяңды қорғап шығу үлкен шеберлікті қажет етеді. Жеке пайымдауыма сүйене отырып, дебатты ертеден-ақ бізбен келе жатқан өнер десек артық болмас, себебі ықылым заманнан осы пікір таластыру арқылы талай мәселелер талқыланып, әр түрлі даудың шешімі табылған. Тек ол сол уақытта дебат деп аталған жоқ, айырмашылығы осы.
Бүгінде де бұл өнер өзектілігін жоғалтқан жоқ. Дебаттың құрылысы жандана түсіп, ұтымды еуропалық стильмен жаңара түсті. Бұл, әрине, қуантарлық жайт. Жақында ғана ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жан-жақты даму үшін алған білімді дебат ойындары арқылы жүзеге асырып, дамытуды айтқан еді. Осы бағыт бойынша қазіргі таңда Қостанай қаласындағы №29 жалпы білім беретін мектептің қабырғасында бірталай жұмыс қарқынды жүргізіліп келеді. Атап айтсақ, үстіміздегі оқу жылының желтоқсан айында мектеп қабырғасында тарих және география апталығы өтті.

Досбол АБДУХАЛИМОВ
Әулиекөл ауданына қарасты Чернышев орта мектебінің әріптестерімен бірге жүргізілгендіктен, апталық облыс көлемінде өткізілді. Аталмыш шараның қорытындысы ретінде мектебіміздің «Сөз мерген» дебат клубы «Қазіргі жастарда патриоттық сезім бар ма?» деген тақырыпта дебат ойынын көрсеткен еді. Жалпы мектебіміздің дебат клубы өте жас, көптеген жарыстарға қатысып, орын алмасақ та ниетіміз түзу: ел ертеңі жастардың санасын шектеулерден арылтып, ойын еркін жеткізуге баулу. Көзі ашық, көкірегі ояу, заман талабынан қалыспайтын жастарымыз көп болсын.
Досбол АБДУХАЛИМОВ,
№29 ЖББ ОМ география
пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.