Мичурин ЖББ мектебінде балалардың дойбы ойнауға қызығушылықтарын арттыру мақсатында Балалар шығармашылық үйінің «Дойбы» үйірмесі 1-4 сынып тәрбиеленушілері арасында мектепішілік жарыс өткізді.

Дойбы жарысына мектеп бойынша жиырма бес тәрбиеленуші қатысты. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Оған куә ретінде балалардың қатысу кезінде белсенділік танытып, өздерін жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар екендерін дәлелдеп, әрбірі жеңімпаз атануға тырысқанын атауға болады. Сол сенімнің арқасында жарыс қыза түсті. Бәсекелестік жоғары болып, финалға тек мықтылар ғана жолдама алды. Солардың бірі 3 «Ә» сынып оқушысы Арнур Испергенов жарысқа алғаш рет қатысып, өзінің пікірімен бөлісті. Мектептегі дойбы үйірмесінің белсенді қатысушы Арнұр дойбы ойыны оған қатты ұнайтынын және бұл жарыстың өтуін асыға күткенін айтты.
Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында 1-орынды 4 «Ә» сынып оқушысы Әділжан Жұманазар, 2-орынды 3 «Ә»сынып оқушысы Арнұр Испергенов және 3-орынды 4 «Ә» сынып оқуышысы Аршат Манат алды. Ал қыздар арасында 1-орынды 4 «Б» сынып оқушысы Полина Шаппо, 2-орынды 1 «Ә» сынып оқушысы Амина Алдажуманова және 3-орынды 3 «Ә» сынып оқушысы Інжу Бақтыбай алды. Жоғарыдағы жүлделі орындарға ие болған оқушылар үстіміздегі жылдың наурыз айында аудандық масштабта өтетін балалар шығармашылық үйі филиалының тәрбиеленушілері арасындағы жарысқа қатысатын болады.
Үйірме жетекшісі ретінде мектепте ұйымдастырылған дойбы жарысына көңілім толды десем болады. Балаларды осындай ойынға тартып, олардың қызығушылықтарын арттыру арқылы логикалық ойлауға тәрбиелеуге шақыру және нәтижеге қол жеткізу кез келген тәлімгердің жеткістігі екені сөзсіз. Сол себепті өскелең ұрпақ саналы, алғыр болып өсуі керек.
Диас АУЕСКАНОВ,
Мичурин ЖББ мектебінің
«Балалар шығармашылық
үйінің «Дойбы»
үйірмесінің жетекшісі,
Қостанай ауданы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.