Ешқашан да ұмытылмас асылдар

Выпуск - №7(655)   :   26.02.2025
459

1


1979 жылы Ауғанстан жерінде болған зұлмат соғыста Кеңес әскерлері қайталанбас қаһармандық танытты. Талайдың тағдырын тәлкекке салған Ауған соғысы он жылға созылып, 1989 жылғы ақпанның 15-інде кеңес әскерлері Ауғанстаннан шығарылды.


Биыл, міне, осы оқиғаға 36 жыл толып отыр. Өзге елде болғанымен, халықтың тыныштығын қорғаған батырларымыздың басым бөлігі сол сұм жылдарда майдан даласында қаза тапты, ал кейбіреулері із-түссіз жоғалып кетті. Ауғанстандағы соғыс тек өлім мен жарақат, психикалық зардаптар ғана емес, сондай-ақ батылдық, адалдық және достықты үйретті.

Батыр ағаларымыздың ерлігін жастарға үлгі етіп, оларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу және Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы «Ардагерлер – асыл ерлер!» атты құттықтау акциясын өткізді.

Ардагерлерге құрмет көрсету – біздің басты міндетіміз. Осы орайда, Арқалық кеден қызметі, Ауған ардагерлер кеңесінің бас маманы болып жұмыс атқарған Бальдиков Марат Батырханұлы 2023 жылдың қыркүйек айында бақилық болғаны көпшілікке белгілі. Ағамыздың отбасымен кездесуде Нұрлан есімді ағасы жас өрендермен ой бөлісіп, толық ақпарат беріп өтті. Ол кісімен сұхбаттасып, Марат Батырханұлының тағылымды өміріне шолу жасап, оған отбасы мүшелерімен бірге Құран бағыштадық.

Соғыс әртүрлі болуы мүмкін, бірақ сарбаз қандай соғыста да сарбаз болып қалады. Бүгінде кеудесі орден мен медалге толы ағаларымыз кезінде он сегіз, он тоғыз жасында от кешті, ажалмен бетпе-бет келді. Бүгінде бұл кісілердің көбісі елуді еңсеріп, ел ағалары болып, егемен еліміздің экономикасын көтеруге, жастардың патриоттық сезімін дамыту жолында еңбек сіңіріп жатыр. Қоғамның әртүрлі саласында қызмет көрсетіп жатқан олар бейбіт өмірде жарқын істерімен үлгі болып келеді.

Ауғандық жауынгер ағаларымыздың қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі, түрлі кәсіптерді игерудегі ерен еңбегі қазақ жастары үшін нағыз ерліктің шынайы үлгісі болып қала бермек. Біз осындай өмір жолымен, қызметімен үлгі жандарға қарап бой түзейміз. Бүгінде біз, бейбіт елдің жастары, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын, Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтарымызды құрмет тұтуға міндеттіміз.

Ниязбек ОРАЗОВ,
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық
пәнінің оқытушысы,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.