Қостанай қаласындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы Томирис Айжарықова Еуропаның Франция және Бельгияда өткен халықаралық олимпиадаларында I дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Томирис екі ғылыми жобасын Бельгияда өткен «Student Research Conference» халықаралық байқауына және Францияда өткен халықаралық ғылым фестиваліне ұсынды. Ол өзінің зерттеулерін косметология саласына арнады.
Қыз балалар көбінесе анасына немесе сүйікті актрисасына, әншісіне еліктеп косметиканы қолданып, жарқын және әдемі көрінгісі келетіні анық. Жас арулар құрбыларымен боянуды, сұлулық салонын ойнағанды ұнатады, яғни осылардың барлығы олардың шығармашылық дағдылары мен қиялын дамытады. Осыдан болар, біздің жеңімпаз косметалогия саласына қызығушылық таныта бастады.
«Ерін далабының химиялық құрамын зерттеу» атты бірінші химия жобасында А және Е дәрумендерінің болуына, қышқыл саны мен түсу нүктесіне арналған далаптың сапалық құрамын зерттеу ұсынылды және бұл композиция ГОСТ белгілеген талаптармен салыстырылды. Сондай-ақ жұмыста тәжірибе жүргізіліп, оның барысында бірнеше далаптардың органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштері анықталды. Жалпы, бұл еңбекте ерін далабы туралы толық сипаттама және оның жасалу тарихы берілген.
Томирис екінші зерттеу жұмысында «Бет кремдерінің химиялық құрамын зерттеу» тақырыбындағы екі әдісті анықтады: органолептикалық сынақтарды анықтау әдісі және зиянды заттарды, ауыр металдар мөлшерінің массалық үлесін анықтау әдісі. Кілегейлердің құрылымын, түсін және иісін бағалау үшін органолептикалық сынау әдісі, ал кремдердің құрамындағы қорғасын, кадмий және сынаптың мөлшерін анықтау үшін зиянды заттарды анықтау әдісі қолданылды. Томиристің айтуынша, бұл жұмыс кремдердің химиялық құрамы мен оның бет терісіне әсерін зерттеу болып табылады және косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі мен тұтынушылардың денсаулығын қамтамасыз ету үшін мұндай зерттеулердің маңыздылығын көрсетеді.
– Денсаулық тақырыбы қазіргі замандағы ең маңызды және өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Мені косметика терінің күйіне және дененің жалпы денсаулығына қалай әсер ететіні қызықтырды. Әртүрлі косметикалық процедуралар, олардың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы білім көптеген адамдар үшін пайдалы болады деп ойлаймын. Көптеген адамдар нарықтағы косметикалық өнімдердің қандай түрлері қауіпсіз және тиімді екенін білгісі келетініне сенімдімін, – дейді Томирис.
– Косметикалық химия саласында зерттеу жүргізу идеясы Томириске 2019 жылдан бастап айтылды. Пандемия кезінде біз тек қажетті әдебиеттерді талдай алдық, ал 2021 жылы біз ерін далабы мен кремдердің химиялық құрамын зерттеуді бастадық. Томирис химиялық заттардың құрамын анықтау әдістемесін зерттеді, бірлескен тәжірибелер жүргіздік, бұл өз нәтижесін берді, – дейді ғылыми жетекшісі, химия пәнінің мұғалімі Әлия Нурушева.
Абылай ҚАСЫМОВ,
Қостанай қаласындағы
NIS баспасөз хатшысы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.