Фурманов жалпы білім беретін мектебінде желтоқсан айының 17-25 аралығында «Ғажайып әлем» атты психологиялық апталық ұйымдастырылды. Мақсаты – оқушылар мен ұстаздарды психологиялық қолдау, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Аталған психологиялық апталыққа арнайы жұмыс жоспары құрылып, соның негізінде бірқатар іс-шаралар өткізілді. Алғашқы күні арнайы мерекелік жиын ұйымдастырылып, «Ғажайып әлем» атты онкүндіктің ашылуы болды. Онда оқушылар мен ұстаздар психологиялық апталықтың жоспарымен таныстырылып, мерекелік ән мен жырдан шашу шашты. Мектептің дәлізі толықтай апталыққа сай безендіріліп, апталық жоспары да сонда ілінді. Келесі күні «Бақыт сәтін сыйла» атты 1–11-сыныптар арасында көңілді үзілістер ұйымдастырылып, оқушылармен бірнеше түрлі қызықты тренинг-жаттығулар өткізілді.
Оқушылар бар ынтасын салып, қызығушылықпен қатысты. Тренингке белсене қатысқан оқушыларға тәттілер таратылды. Желтоқсанның 19-ы күні «Жақсы көңіл-күй – жан азығы» тақырыбында акция ұйымдастырылды. Акцияға негізінен мектеп ұстаздары белсене қатысқанын айта кеткен жөн. Арнайы жүргізілген іс-шара бойынша бейнеролик жасалып, мектеп ұстаздары арасынан «Ең мейірімді ұстаз» және «Ең қатал ұстаз» номинациялары бойынша таңдау жасалып, нәтижесі шығарылды. Желтоқсанның 20-сы күні 5–11-сынып оқушылары «Жақсылық жасап жарысайық!» тақырыбы аясында бейнероликтер түсірді. Олардың барлығы мектебіміздің Instagram парақшасына жүктелді.
Ал, желтоқсанның 23-і күні мектебімізде, психологиялық онкүндіктің жұмыс жоспарына сәйкес, «Ақ тілек» күні акциясы өткізілді. Дәлізге арнайы жәшік қойылып, балалар мен мектеп ұстаздары өз ақ тілектері мен алғыстарын жүрекшелерге жазып салды. Соңында ақжарма тілектер мен алғыстар жазылған жүрекшелер иелеріне таратылды. Оқушылар мен ұстаздардың көңіл-күйлері көтеріліп, өзара достық пен ынтымақ-бірлігі арта түсті. Осылайша, жағымды психологиялық ахуал қалыптасты. Желтоқсан айының 24-і күні дене тәрбиесі пәні мұғалімінің ұйымдастыруымен 5–11-сынып оқушылары арасында «Саламатты өмір – көтеріңкі көңіл» атты спорттық сайыс өткізілді. Белсенді қатысып, жеңіске жеткен топтарға тәттілер берілді.
Соңғы күні апталық қорытындыланып, ұйымшылдық танытқан сыныптар мен сынып жетекшілер мақтау қағазымен марапатталды. Жалпы психологиялық апталық өте жоғары деңгейде өткізілді. Барлық іс-шаралар әлеуметтік желіге жүктеліп отырды. Балаларымыздың өмірі қауіпсіз, дені сау, ал болашағы жарқын болсын.
Асем АБИЛЬДИНА,
Фурманов ЖББМ
педагог-психологы,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.