Ғылыми жоба жүлдегерлері

Выпуск - №18(515)   :   07.05.2022
782

Жуырда Амангелді аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен ғылыми жобалар байқауы өтті. Дарынды жас ізденімпаз оқушыларды іріктеп, қолдау көрсету мақсатын көздеген байқауда мектебіміздің 4 оқушысы жеңімпаз атанды.

Дарынды балаларды анықтау, олардың ғылыми әлеуетін дамытуға және іске асыруға жағдай жасау мақсатында оқушылар арасында түрлі зияткерлік сайыстар, байқаулар, олимпиада және ғылыми жоба жарыстары ұйымдастырылуда. Осының арқасында шәкірттер жақсы жетістіктерге жетіп отыр. Осындай мәртебелі міндеттерін атқарып жүрген Амангелді жалпы білім беретін мектебі педагогтерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарда оқушымен бірлесе атқарып келе жатқан жұмыстары өз нәтижесін көрсетіп келеді.

Ғылыми жобалар байқауында Жантөре Төлеубай «Ұлтына ұлы жеңіс сыйлаған спорт шебері – Бекзат Саттарханов Сейілханұлы» тақырыбындағы жұмысымен І орынға (жетекшісі: К.Аймағамбетов), Айсұлу Сапабекқызы «Үй жағдайында ұлуды өсірудің пайдасы» тақырыбындағы жұмысымен І орынға (жетекшісі: А.Досбергенова), Карина Жолдыбек «Солақайдың шежіресі» тақырыбындағы жұмысымен ІІ орынға (жетекшісі: А.Ержігітова), Кәусар Шөптібай «Асыл аға, ұлағатты ұстаз – Қабжалел Мұқатұлы» тақырыбындағы жұмысымен ІІІ орынға (жетекшісі: А.Арбабаева) ие болып, екі оқушымыз – Жантөре мен Айсұлу облыстық ғылыми жоба байқауына жолдама алды. Олар жобаларын, ендігі кезекте, облыстық ғылыми жобалар байқауында қорғайтын болады.

Дамудың даңғыл жолына бағыт алған болашағы баянды елдің өрісі қашанда білікті де саналы ұрпағымен кеңеймек. Өскелең жасты еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу әрбір ата-ана мен мұғалімге байланысты. Ал, осы жауапкершілікті абыроймен атқару ардақты ұстаздарға жүктелген мәртебелі міндет.


Камшат АБДИКОВА,
Амангелді ЖББ орта мектебі
директорының ғылыми-
әдістемелік жұмыстар
жөніндегі орынбасары

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.