А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның 1 «Г» сыныбында «Көктем аруы-2025» байқауы өтті. Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, өнерін және сахнада өзін-өзі сенімді көрсетуін мақсат еткен бұл байқау нағыз өнер мерекесіне айналды.
Оқушыларға өз өнерін көпшіліктің алдында көрсету және өздерінің даралығын таныту үшін тамаша мүмкіндік болды. Байқауға сыныптан бес қыз бала қатысып, төрт кезең бойынша сынға түсті. Алғашқы «Таныстыру» кезеңінде әрбір қатысушы қызығушылықтары мен болашақтағы арман-мақсаттарын айтып, көрермендерге өздері туралы ақпарат берді. Келесі «Өз өнерін көрсету» кезеңінде қатысушылар ән айтып, би билеп, өлең оқып, өнерін көрсетті. Бұл кезеңде олардың шығармашылық қабілеттері мен дайындықтары айқын көрінді.
«Шебердің қолы алтын» деген үшінші кезеңде қатысушылар өздерінің қолынан шыққан шығармашылық жұмыстарын көрсетті. Олар ұлттық тағамдарды дайындап, сурет салып, қолөнер бұйымдарын жасап, сәндік заттар көрсетіп, өздерінің шеберліктерін паш етті. Ал, «Сән үлгісі» атты соңғы кезеңде қатысушылар сәнді киімдер мен түрлі стильдегі образдарда сахнаға шығып, өздерінің талғамдарын көрсетіп, көрермендерді таңғалдырды. Осылайша, байқау қызықты әрі тартымды өтті.
Қазылар алқасы қатысушы қыздардың өнеріне әділ бағасын беріп, олардың шығармашылық қабілеттері мен жігерін жоғары бағалады. Нәтижесінде, «Көктем аруы-2025» атағына Ясмин Бауыржан ие болып, сыйлықтар мен Диплом табыс етілді. Басқа қатысушыларға номинациялар беріліп, олардың өнері де ерекше атап өтілді. Себебі, байқаудың басты мақсаты – жеңімпазды анықтау ғана емес, әр баланың шығармашылық қабіле-
тін ашып, өзін-өзі сенімді түрде көрсете білуге ынталандыру еді.
Өнер мен шығармашылықтың жоғары бағаланған алаң балалар арасындағы достық пен ынтымақтастықтың нығаюына үлкен әсер етті. Жеңімпаздар мен қатысушылар өздерін жаңа қырынан танытып, көрермендерге үлкен шабыт пен үміт сыйлады.
Гүлнұр ШАЙКАМАЛОВА,
А.Құнанбаев атындағы
мектеп-гимназияның
бастауыш сынып мұғалімі,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.