Кітап та дәмді болады

Выпуск - №13(561)   :   10.04.2023
818

Білім алушылардың оқуға деген құштарлығын және оқу мәдениетін арттыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 6-сыныптар арасында интерграциялық «Дәмді кітап» атты сыныптан тыс іс-шарасын өткіздік.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес «Оқуға құштар мектеп» жобасы бекітілген болатын. Аталмыш жоба аясында әдебиеттер тізімі 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни, олардың қатарына еліміздің үздік классиктерінің кітаптары, ана тіліне аударылған әлем әдебиеттерінің жауһарлары, сонымен бірге қазіргі заманғы ақындар мен жазушылардың кітаптары енетін болды.
Білім беру жолында жас ұрпақты кітап оқуға тарту мәселесі әрдайым маңызды болғанмен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады. Оқу сауаттылығы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Оқу мәдениеті оқушылардың нақты және жаратылыстану ғылымдарын, еңбекке үйрету және дене шынықтыру, сондай-ақ басқа да пәндерді табысты оқып-білу үшін міндетті ме? Жауабы анық. Әрине, иә.

«Оқу мәдениеті – өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру факторы» деген түйін сөз бекер айтылмайды. Оқуды дамытуда әдістемелік тәсілдерді жүйелі және мақсатты түрде қолданған жағдайда оқушының дербес оқуын қалыптастыруға үлес қосуға болады. Сондықтан ұйымдастырылған сыныптан тыс іс-шара оқушылардың қызығушылығын арттырғаны хақ. Олар алдын ала ақын, жазушылардың шығармашылығымен танысып, өздері таңдаған жазушының кітабының мұқабасын тәтті торт ретінде жасап, безендіріп, кейін сол шығарма жайлы білімдерін ортаға салды. Аталған іс-шара көркем еңбек пәнімен кіріктіріліп, жоғары деңгейде өткізілді. Білім алушылар Ахмет Байтұрсынұлының, Абай Құнанбаевтың, Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін нақышына келтіріп оқып берді. Оқушылар сыныптан тыс шараға ерекше ынта мен қызығушылықпен қатысты.

Оқушылардың белсенділігін қалыптастыру үдерісі мектепте заманауи технологиялар мен оқытудың ұтымды әдістері қолданылған жағдайда оң нәтижесін бермек. Мектеп оқушысының кітап оқу іс-әрекетін дамыту Қазақстандағы білімді жаңғыртуда басым бағыттардың бірі болып табылады. Ұлттың рухани және интеллектуалды ілгерілеуінің құралы ретінде оқылым іс-әрекетіне балаларды және жастарды тарту жолында жоғарыда аталған «Оқуға құштар мектеп» жобасының үлесі зор болмақ. Кітап оқу – білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір жолы ретінде тұлғаны тәрбиелеу және білім беру арқылы адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні анық.


Гүлжан УТЕСОВА,
№7 ЖББ мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.