Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
01/11/26 Воскресенье

Көңілді жазғы демалыс

Выпуск - №28(625)   :   09.08.2024
574

3-2

Тоғыз айға созылған оқу жылы аяқталысымен, барлық мектеп оқушылары асыға күткен жазғы демалыстарын қызықты әрі пайдалы өткізуге тырысады. Бірі ауылдағы ата-әжесіне қыдырып кетсе, енді бірі жазғы лагерь мен демалыс алаңдарына барады.
Міне, көзді ашып-жұмғанша жазғы демалыстың жартысынан астам уақыты өте шықты. Иә, бос уақытты ұйымдастырудың жолдары көп. Тек жан қалауыңа қарай таңдау жасауың қажет. Қалалар мен облыс орталығындағы балаларға бос уақытты тиімді өткізуге баратын үйірмелер мен ойын-сауық орындары жетерлік. Ал, ауыл балаларына ойын-сауық орталығына барып, уақыт өткізуге мүмкіндік бола бермейді. Соған орай, біздің барлық мектептерде мектеп жанындағы сауықтыру алаңында мұғалімдер жұмыс істеуде.

Мен Қостанай ауданындағы Абай негізгі орта мектебінің жанындағы «Шаңырақ» лагерінің «Айгөлек» тобында шілденің 1-інен бастап 12-сі аралығында лагерьде өз жұмысымды бастадым. Мектеп жанандағы алаң бір ауысымда 10.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істеді. Ең бастысы, мектеп жанындағы лагерьлерге барлық балалар қатыса алады. Ал, лагерьге келген балалардың уақытын өзім барынша тиімді өткізуге тырыстым. Таза ауада түрлі ойын ойнап, мектеп ішінде суреттер сайысына қатысты, қолөнер бұйымдарын жасап, термомозайка мен бисермен жұмыс істеді.

Бір байқағаным, мұғалім өз тарапынан балаларды қаншалықты қызықтыра алса, соғұрлым лагерь келушілерінің қатары да арта түспек. Бір айдан соң, жазғы демалыс мәресіне жетіп, білім ордалары балаларға есігін айқара ашады. Үш айды ұмытылмастай өткізген олардың білімнің биік белестерін бағындыруға деген талпыныстары да жоғары болары хақ.

Айгерим ТАЙКЕНОВА,
Абай негізгі орта
мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі,
Қостанай ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.