Білім алушылардың көшбасшылық қасиетін арттыра отырып, шығармашылыққа бейімдеу мен қоғамдық жұмысқа белсенді ат салысатын «Мектеп парламенті» ұйымдары әр білім мекемесінде өз жұмысын қарқынды жүргізуде.

Меңдіқара ауданындағы Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясында «Мектеп парламенті» ұйымы сәуір айының 27-сі күні өткен аудандық «Көшбасшы аумағы» байқауының жеңімпазы атанды. Олар аудан көлеміндегі әр мекемеден келген білім алушылармен сынға түсіп, жыл бойы атқарылған жұмысты портфолио негізінде қорғап, психологиялық тренингтер өткізіп, нәтижесінде жүлделі орынды мектептің қанжығасына байлады.
Ұйымда 8 фракция мүшесі және президенті мен премьер-министрі өз бағыттары бойынша мектепшілік, қоғамдық, мәдени шараларды ұйымдастырудың басты дәнекері. Мамыр айының 5-інде мектебімізге мерейлі 30 жыл толды. Республикалық көлемде аталып өткен іс-шара ұйымдастырушыларының қатарынан «Мектеп парламенті» ұйымы табылды. Бұл – ұйым мүшелерінің шығармашылыққа қабілеттіліктері мен әлеуметтік құзыреттіліктерінің жоғары болуының басты себебі деп білеміз. Сондай-ақ ұйым мүшелері «Үздік буктрейлер», «Жетістік портфолиосы», «Мен репартёрмін» республикалық байқауларының жүлдегерлері атанып, нәтижелі жұмыстың жемісін көрсетуде.
Жаһандану дәуірінде жаңа буын өкілделерін тәрбиелеу мен білім беруде парламент ұйымының рөлі маңызды. Білім алушылардың бойына шығармашылық, бастамашылдық, ізденімпаздық, еңбекқорлық сынды адами қасиеттерді сіңіруде парламент ұйымының жұмысы нәтижелі әрі өз жемісін беріп келе жатқандығы осының айғағы болса керек. Мемлекетіміздің тұрақты дамуының негізгі факторы – бәсекеге қабілетті жастар буыны екені шүбәсіз.
Бақытжамал КЕҢШІЛІК,
Ғ.Жұмабаев атындағы
Боровской мектеп-
гимназиясының
аға тәлімгері,
Меңдіқара ауданы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.