NIS-те республикалық пәндік олимпиаданың желілік кезеңі 13 ақпанда басталған болатын. Аталған олимпиадаға жалпы республикамыздың Назарбаев Зияткерлік мектептерінен 500-ден астам оқушы қатысуда.


Республикалық пәндік олимпиаданың желілік кезеңіне Қостанайдағы NIS-тен 36 оқушы қатысуда. Олар тең екі командаға бөлініп, бір тобы апта басында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білімдерін сарапқа салса, келесі жартысы ақпанның 16-сы күні қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша бақ сынайтын болады. Орыс тілінде оқитын 9-сынып оқушысы Екатерина Ким олимпиадаға алғаш рет қатысып отыр:
– Қазақ тілі пәніне бастауыш сыныптан бастап қызығатынмын, бұл пән маған оңай болды. Пәндік олимпиаға алғаш рет қатысып отырғандықтан ішімнен бір қорқыныш сезім бар. Дегенмен қазақ тілінен мұғаліміммен бірге дайындалдық, әртүрлі тапсырмаларды шештік, түрлі тақырыптарда эссе жаздық, сондықтан олимпиадада жақсы көрсеткіштерді көрсететініме сенемін, – дейді ол.
Желілік кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері үстіміздегі жылдың наурыз-сәуір айларында өтетін республикалық олимпиадада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының намысын қорғайды.
Абылай ҚАСЫМОВ,
Қостанай қаласындағы
НЗМ баспасөз хатшысы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.