Оқу жылының соңына қарай барлық мектеп бітіруші түлектерді мамандық таңдау мәселесі толғандыратыны анық. Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа үлкен сеніммен қарауға ерекше күш-жігер береді.
.jpeg)
Осы орайда Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің қазақ бөлімі қаламыздағы М.Дулатов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушыларын кәсіптік бағдар беру мақсатында білім ордасына арнайы шақырған болатын. Іс-шара ерекше форматта ұйымдастырылып, мектеп оқушыларына әртүрлі қызықты тапсырмалар беріліп, жағымды ахуал қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеріп, алдағы жоспарларымен бүкпесіз бөлісуге тікелей ықпал етті. Сонымен қатар болашақ мамандығын дұрыс таңдау жолында үлкен ой салды.
.jpeg)
Колледждің ЕТ-01, ББМ-01, ББМ-04, ДТС-01, МДТ-04 топтарының талантты студенттері қатысушыларды жаңа оқу жылындағы жас түлектерді қабылдайтын мамандықтарымен жете таныстырды. Олар колледждегі студенттік өмірдің қызықты тұстарын айтып өтіп, сапалы білім мен өнегелі тәрбие меңгеруге барлық жағдай жасалынғанын тілге тиек етті. Мектеп оқушылары да өз тараптарынан белсенділік танытқанын атап өткен жөн.
.jpeg)
Қоғамда сан алуан мамандық түрлері бар. Алайда өзіңнің жаныңа жақын болып шығар мамандығыңды дұрыс таңдай білу оңай емес. Ең бастысы, таңдаған кәсіпке қызығушылық пен бейімділік болуы шарт. Тағылымға толы шараның соңында қазақ бөлімінің меңгерушісі Ш.Құрманбаева сөз алып, ұйымдастырушылар мен қонақтарға өз ризашылығын білдірді. Өз сөзінде ол: «Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең күрделі, шешуші қадам. Бұл іске үлкен жауапкершілікпен қарау керек», – деген құнды кеңесімен бөлісті.
Индира ЖАЙЛАУБАЕВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
РӘГК-тің арнайы
пәндер оқытушысы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.