Ұлы Отан соғысындағы аңызға айналған қазақстандық батырлардың бірі – гвардия генерал-майоры, Қызылтулы 8-ші гвардиялық атқыштар (бұрынғы 316-ші) дивизиясының командирі Иван Васильевич Панфилов.

Иван Васильевич Панфилов 1893 жылдың 1 қаңтарда Саратов губерниясының Петровск қаласында туылған. 1915 жылы патша әскеріне шақыртылып және орыс-герман фронтына жіберілді. 1918 жылы Қызыл Әскерге өз еркімен кіріп және 25-ші Чапаев дивизиясының 1-ші Саратовтық жаяу әскер полкінің қатарына алынды. Азамат соғысына қатысушы, 25-ші Чапаев атқыштар дивизиясының құрамына қосылып, жазалау операцияларына қатысты. Азамат соғысынан кейін екіжылдық Киевтегі жоғары жаяу әскер мектебін бітіріп, осыдан кейін көп кешікпей Орта Азия әскери округіне тағайындалды.
1938 жылдан бастап Қырғыз КСР-нің әскери коммисары. Ұлы Отан Соғысы кезінде 316-шы атқыштар дивиясының командирі. 1941 жылдың қазан-қараша айларында Мәскеу түбіндегі қорғаныс кезінде Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының жауынгерлері Волоколамск бағытын қорғауда асқан ерлік көрсетті. Панфиловшы батырлар тобының ерлігі Кеңес әскері жауынгерлерінің жаппай ерлік көрсетуінің үлгісіне айналды. 17 қарашада 316-атқыштар дивизиясы 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы болып аталып, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Панфилов қаза тапқаннан кейін дивизия оның есімімен аталды. Генерал Мәскеудегі Новодевичье зиратына жерленген. Бір жылдан кейін марқұмға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Жангелдин ауданындағы С.Мәуленов атындағы жалпы білім беретін мектебінде, Жеңіс күні қарсаңында, Иван Васильевич Панфиловтың 130 жылдығына орай алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінен 8-11 сынып оқушылары арасында «Жас сарбаз үздіктері» атты әскери ойын өткізілді. Ойын барысында оқушылар уақытқа автоматты шашып жинауға тиіс болды. Ұл балалар арасында автоматты шашып-жинаудан 1-орынға 11-сынып оқушысы Естай Елтайұлы, 2-орынға 11-сынып оқушысы Санжар Рза, ал 3-орынға 8-сынып оқушысы Жарқын Берік ие болып, мадақтамалармен марапатталды.
Қыз балалар арасында автоматты шашып-жинаудан 1-орынға 10-сынып оқушысы Ардақ Нағашыбай, 2-орынға 10-сынып оқушысы Жұпарайым Берік, ал 3-орынға 11-сынып оқушысы Меруерт Сәндібек ие болып, мадақтамалармен марапатталды. «Жас сарбаз үздіктері» ойын барысында оқушылардың патриоттық сезімі, Отанға деген сүйіспеншілігі арта түсті. Бүгінде Жетісу облысында аудан Панфиловтың есімімен аталады. Алматы қаласында генералдың атында бір көше, 28-гвардияшы-панфиловшылар атындағы парк бар. Сол жерде батыр-генералға ескерткіш орнатылған.
Оралхан СЕЙДАҒАЛИЕВ,
С.Мауленов атындағы ЖББМ
алғашқы әскери және
технологиялық дайындық
пәнінің мұғалімі,
Жангелдин ауданы,
Милісай ауылы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.