Тәрбие жүйесі – баланың үлкендермен ғана емес, өзара қарым-қатынасынан да туады. Оған көмек беруші – ұстаз, ата-ана, орта. Халықтық педагогиканы дамытуға, оқушыларды озық дәстүрде тәрбилеуді ең негізгі мақсат етіп отырмыз.
Осы орайда, жас жеткіншектерді тәрбилеу ісінде мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынасқа көңіл бөлінуі керек. Бұл мақсатты негізге алған «Күретамыр» мектепішілік ұлттық құндылық сағаттарын ұйымдастыру» бағдарламасы үшінші жыл бойы жұмыс атқаруда. Оған негіз болған Зейнеп Ахметованың «Күретамыр» кітабы бала тәрбиесіне тал бесіктен көңіл бөлуді көздейді. Жоба аясында халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тыйымдарының мағынасы жас ұрпаққа кеңінен түсіндіреді. Сол арқылы бұрынғы жақсы мен бүгінгі жаңаны ұштастыра отырып, ұлттық болмыстан айнымай, қазақи тәлім-тәрбиенің мәнін ұғындырады.
Осыған орай, оқу жылының алғаш күндерінен-ақ ата-аналар мен оқушылардың рухани өмірін байытып, танымдық біліктілігін арттыру мақсатында «Білімді мыңды жығар» атты зияткерлік ойын өткізілді. Бұл ойынға 1-сыныптардың, 2-сыныптардың ата-аналары мен оқушылары белсене қатысты. Әр сыныптың ата-аналары топтарға бөліне отырып, білімі мен біліктіліктерін ортаға салды. 1–2-сынып оқушылары зияткерлік ойынның ыстық жанкүйерлері болып, қолдау көрсетті. Жалпы, ойын алты кезеңнен тұрды.
Таныстыру кезеңінде ұлттық нақыштағы элементтерді қолдана отырып, киім киіп келген топтар, өз құрамымен таныстырса, «Зымыран сұрақтар» кезеңінде ата-аналар бір-біріне дес бермей, танымдық сұрақтарда ұшқырлықтары мен білімдерін көрсетті. Ұлт зиялылары мен қазақ әдебиетінің негізін салушыларының бейнелерін «Портретті біліңіз» кезеңінде байқатса, ұмыт болған және қолданыстан шыққан тұрақты сөз тіркестеріне қатысты білгіштіктерін «Кім білгір?» кезеңінде орындап шықты. Сондай-ақ, ұлттық сананы дамытар сұрақтарға байланысты «Рас не жалған» фактілер келтірілген кезең және «Кім жылдам?» деген кезеңдер өткізілді.
Қатысушы топтардың ұпайлары қоржынға жинақталған асықтардың жалпы санымен есептелді. Зияткерлік ойын барысында қоржынға ең көп асық жинаған топ жеңімпаз атанып, мадақтамалар мен қолдауға ие болды. Білім ордасында жүйеге келтірілген ата-аналармен жұмыс көрінісі ретінде іс-шараға қонақ болып келген ата-аналар да тысқары қалмады. Осылайша, екі жақты белсенділік негізінде мектептің тәрбие жұмысы мен оқу процесі жоғары дәрежеге өрлеп келеді.
Гульназ НУРГАЛИЕВА,
№24 мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.