«Балалардың қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс». Бұл – ешуақытта өзектілігін жоғалтпайтын талаптардың бірі. Осы мақсатта ақпан айының 1-інен бастап өңіріміздегі мектептердің көпшілігі лицензиясы бар күзетпен қорғалуда.
Әрбір ата-ананың, қоғамның басты байлығы балалардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелер ел көлемінде талқылануда. Өткен аптаның жұма күні Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кеңес өткізіп, өз сөзінде: «Білім беру ұйымдарында техникалық жарақтандыру және лицензияланған күзет мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысында айтарлықтай кемшіліктер мен олқылықтар бар. Мұның барлығын келесі оқу жылының басына дейін түзету қажет. Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданбаған жағдайда қатаң жауапкершілікке тартатын боламыз», – деп, аталған мәселенің өзектілігін қадап айтқан еді.
Қостанай облысы білім басқармасының басшысы Айман Ибраева ақпанның 14-і күні мектеп оқушыларының қауіпсіздігіне арналған әкімдік отырысында сөйлеген сөзінде аталмыш мәселеге қатысты өңірдегі ахуалды баяндаған болатын. Объектілерді терроризмге қарсы қорғау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, қызметкерлер мен студенттердің нақты саны 300 адамнан асатын білім беру ұйымдарында бейнебақылау камералары полиция бөлімшелерінің кезекші бөлімдеріне, Жедел басқару орталықтарына қосылып, сондай-ақ дүрбелең түймелері орнатылуы тиіс. Осы топқа жататын 250 нысанның 219-ы немесе 88 пайызы Жедел басқару орталықтарына қосылған. Жаңа оқу жылының басына дейін тағы 31 нысанды, оның ішінде 24 балабақшаны қосу жоспарлануда.
Басқарма басшысының сөзінше, қазіргі уақытта Амангелді, Әулиекөл, Қамысты аудандарының полиция бөлімдерінде мұндай техникалық мүмкіндіктер жоқ. Сондықтан аталған облыстардың әкімдерінен Ақпараттандыру басқармасымен бірлесе отырып, осы мәселені шешу үшін тиісті шараларды қабылдауын сұрады. Сонымен қатар қызметкерлер мен студенттер контингенті 700 адамнан асатын білім беру ұйымдары турникетпен және лицензиясы бар күзетпен қамтамасыз етілуі тиіс екендігін айтты. Қазіргі таңда аймақтағы лаңкестік әрекетке бейім барлық мектептер мен колледждерге турникет орнатылды. 157 нысанның 62-сінде лицензиясы бар күзет енгізілген.
Ақпан айының 1-інен бастап лицензиясы бар күзет қойылған қала мектептерінің бірі – Аэропорт шағын ауданындағы Әлихан Бөкейхан атындағы ЖББ мектебі. Білім ордасының табылдырығынан аттай сала күзетші Маралбек Нурбахин ағайды көрдік. Арнайы ережелермен бекітілген формада, қажетті құрал-жабдықтары бар. Жеке деректерді жазып алып, не мақсатпен келгенімізді анықтаған соң, ішке ендік. Мектеп директоры Жанар Кушанова қауіпсіздік мәселесіне қатысты аікірін білдірді.
– Біздің мектебімізге үш кісі бекітілді. Күн сайын кезегімен ауысып, олар оқушылардың, мектептің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Күнделікті қызметіне сәйкес күзетші кіреберістен келген адамдарды тексерістен өткізеді. Жалпы мектебімізде түрлі құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында сынып сағаттары да өткізіліп тұрады. Жақында ұйымдастырылған ата-аналар жиналысында да көпшілікті толғандырып отырған мәселелерге қатысты пікірлер айтылды. Әрине, бұның барлығы баланың, мектептің тыныштығы үшін жасалып жатқан шаралар. Заманымыз тыныш болсын!
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.