Мектептегі кәсіптік бағдар

Выпуск - №18(515)   :   07.05.2022
1288

Мектеп оқушыларын кәсіптік бағдарлау міндетін әрдайым оқушылар қатысатын көптеген қызмет түрлерін қолдана отырып шешкен жөн. Бұл мектеп басшылығының, психологтар мен мұғалімдердің қалауы бойынша танымдық іс-шаралар, ойындар арқылы болуы мүмкін.

Жоғары сынып оқушылары болашақ кәсіби қызметін анықтау қажеттілігіне тап болады. Алайда, бұл жаста барлық оқушыларың дүниетанымы мен қалыптасқан көзқарастары жеткілікті емес. Сондықтан педагогтер кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізеді. Балаларға мамандық таңдауда көмектесу үшін, қандай да бір түрде мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарынан бастап кітапхана мен медицина қызметкеріне дейінгі барлық қызметкерлер жұмылдырылғаны жөн. Мектептегі кәсіптік бағдарлау жұмысының сәтті құрылуы түлектерге қолайлы білім алуға көмектеседі, әрі сөзсіз сәтті нәтижжесін әкеледі.

Біздің Көктал ЖББ мектебінің оқушылары кәсіптерді зерделеуде шығармашылық көзқарасты белсендіру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық-маңызды кәсіби бағдарлау қызметіне тарту мақсатында өткізілген «Мамандықтар әлемін ашамыз» атты форумның аудандық сырттай кезеңіне қатысып, жүлделі орындарды иеленді. «Мамандық таңдау уақыты» видеовлогтар байқауында «Мамандық әлеміне саяхат» бейнеролигіне 10-сынып оқушысы Саят Бектемисов қатысып, 1-орынды иеленді. «Профессии все важны» атты перзентация қорғаудан 1-орынға 11-сынып оқушысы Фархат Ускенов ие болды.

Мектебіміздің 10-сынып оқушысы Базан Серикбаев «Al professions are important» ағылшын тілінде бейнероликке қатысып, 2-орынды иеленсе, 10-сынып оқушысы Рабиға Айткалиева «Virtual Reality Designer» ағылшын тілінде презентация қорғап, 2-орын алды. Сондай-ақ 11-сынып оқушысы Наргиза Жусупованың «Моя будущая профессия» жұмысына 2-орын берілді. «Менің мамандығым – менің болашағым» атты бейнероликтер байқауына 11-сынып оқушысы Сабина Абдуллаева қатысып, 2-орынға ие болды. «Менің кәсібім – менің бизнесім» бизнес-жоспардың жобасын қорғау номинациясына «Көлік жуу орнын ашу» тақырыбымен 11-сынып оқушысы Ернұр Таскинбай қатысып, жүлделі 1-орынды иеленді.


Гүлжан ТАИПОВА,
Көктал ЖББМ
педагог-психологы,
Әулиекөл ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.