Мені Абай шабыттандырады

Выпуск - №42(438)   :   24.10.2020
2408

«Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының мерейтойына орай «Абай – мұра, ғасырлар даналығы» онкүндігі аясында аудандық сурет байқауы өтті.

«Мені Абай шабыттандырады» атты байқау оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету, олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту, сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Байқауға жалпы білім беретін орта мектептердің 1-4 сынып оқушылары арасында, жалпы 57 үміткер қатысты. Әр оқушы өзінің суреттерін бар ынтасымен салып, байқауға жауапкершілікпен қарады. Байқау ережесіне сәйкес әрбір жұмыстың көркем-эстетикалық безендірілуі, орындау сапасы ескерілді.



Байқау нәтижесінде бас жүлдені А.Нұрманов орта мектебінің оқушысы Әмина Еркінқызы, І орынды Жаңа ауыл орта мектебінің оқушысы Ақбаян Байдүйсенбайқызы, ІІ орындарды Б.Қолдасбаев орта мектебінің оқушысы Ғибрат Сапарбеков пен Жаңа ауыл орта мектебінің оқушысы Айдана Бекболатқызы иеленді. Ал ІІІ орындарды Тасты орта мектебінің оқушысы Бекзат Шорманұлы, Амангелді орта мектебінің оқушысы Інжу Жұмағали, Н.Мейірманов орта мектебінің оқушысы Ертөре Саматов иеленді.


Әнет ЖҰМАБЕК,
«Шұғыла» балалар мен
жасөспірімдер шығармашылық
орталығының көркемдік жетекшісі,
Амангелді ауданы

 

Реклама

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.

Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.