Мереке күні соғылған алғашқы қоңырау

Выпуск - №34(582)   :   08.09.2023
593

Қостанай қаласындағы Мәриям Хәкімжанова атындағы №20 ЖББ мектебінде, жылдағы дәстүрге сай, Білім күні мерекесінде «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында «Алғашқы қоғырау» салтанатты жиыны өтті.

Мемлекеттік әнұранмен ашылған жиында, алғаш құттықтау сөзді білім ордасының директоры Сагимбаев Мейрамхан Таңатқанұлы алып, мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарын «Білім күні!» мерекесімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Артынша құттықтау сөз кезегі қалалық білім бөлімінің әдіскері Ғалымқазы Айгерім Ғалымқазықызына беріліп, ол ықыласын мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бүлдіршіндерге арнады. Бұл күні олар білімнің алтын қоры жинақталған зәулім ғимаратқа имене көз тастап, алғашқы апайларымен қауышып жатады.

Мұқағали Мақатаевша айтсақ, тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын аяулы мектеп. Бұл қабырғадан аңғал бала білімді бозбалаға, кішкентай қыз білікті бойжеткенге айналып шығады. Биылғы оқу жылында – сыныпқа 68 оқушы қабылданып, 3-сыпыпқа бөлінді. Ол сыныптарды мектебіміздегі педагог-зерттеуші Нурзия Кудебаева, педагог-зерттеуші Ақсұңқар Қадырбек және педагог-сарапшы санатындағы Салтанат Ахметова есімді тәжірибелі ұстаздар қабылдап алды. Бірінші сынып оқушылары мерекелік өлең шумақтары мен әндерін арнады.

Салтанатты рәсімнен кейін мектепте «Мектебім – мейрімділік мекені» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Бұл балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту, оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету, сондай-ақ оқушыларды мейірімділікке, қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу мақсатын көздеді. Барлық сынып бөлмелеріне тақырыптық және мерекелік безендіру жасалды. Биылғы оқу жылының түлектері 1-сынып оқушыларына алғашқы оқулықтары «Әліппені» табыстады. Ата-аналар да, өз кезегінде, ұстаздар мен жас өрендерге жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, құттықтау сөздерін арнады. Жиын соңында Гүлайым Аронқызының жетекшілігіндегі 3 «Ә» сынып оқушысы Айдын Әбілқайыр «Сыңғырла қоңырау!» әнін орындады.

Дәл осы күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы көпшілікке жол тартты. Онда Мемлекет басшысы Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасын мысалға келтірді.

– Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде әрдайым қатар жүруге тиіс. Шын мәнінде, адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды. Әрбір адам ісі мен сөзі бір жерден шығатын Адал азамат болса, әділдік орнайды. Қазақстан – біздің жалғыз ғана Отанымыз. Оның іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел болуы – өз қолымызда. Бабалардан мирас болған ұлан-ғайыр жерді қорғау, оны өркендету – біздің перзенттік парызымыз. Мен еліміздің әрбір азаматын осы қасиетті парызға адал болуға шақырамын. Берекелі бірлігімізді сақтап, табанды еңбек етсек, Отанымызды көркейтіп, ұрпаққа дамыған мемлекет ретінде табыстасақ, бабалар аманатына адалдық деген – осы!, – деп атап өтті ол.

Мемлекет басшысының осы мақсаттын орындайтын нағыз «Толық адам» ілімін қолға алсақ, келешегіміз кемелдене бермек. Ұстаздар үшін де үлкен бастаулардың жолға қойылатынын мақсаттарын дәл осы күнен мектеп ұжымы бастап отыр. Оқу жылымыз табысты, сәтті болып, білімі мен тәрбиесі ұштасқан шәкірттеріміз көп болсын дейміз.


Қолғанат АТАЕВА,
М.Хәкімжанова атындағы
№20 ЖБББ мектептің
педагог-психологы,
Қостанай қаласы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.