NIS түлектері аттестаттарын алды

Выпуск - №23(571)   :   15.06.2023
1716

Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 8 жыл ішінде 555 түлек түлеп ұшырды, оның 135-і шетелдік ЖОО-ға түссе, 420-сы қазақстандық жоғары оқу орнына түсті. Биыл мектеп табалдырығынан 69 түлек аттанғалы отыр.

Мектеп бітіру кеші – бұл достық пен адалдықтың, жастық шақ пен әдеміліктің мерекесі. Түлектеріміз мектеппен қоштасып, үлкен өмірдің жаңа мақсаттарына ұмтылып, қанат қаққалы отыр. Салтанатты жиынға түлектер ғана емес, сонымен қатар олардың ата-аналары, мұғалімдер мен қонақтар олардың осы қуанышты сәтімен бөлісуге келді. Арнайы Қостанай облысының әкімі атынан әкім орынбасары Ринат Мұхаметқалиев құттықтау сөз сөйлеп, жас түлектерге өмір жолында сәттілік тіледі.

«Сіздер мектеппен қоштасып, үлкен өмірдің жаңа мақсаттарына ұмтылып, қанат қаққалы отырсыздар. Ұстаздардың білім нәрімен сусындаған, халқымыздың ұлы мұрасын құнттайтын, кемел келешекке ұмтылып, нағыз патриот болып өскендеріңе кәміл сенемін», – деп атап өтіп, Ринат Зақиұлы «Алтын белгі» төсбелгісі мен үздік үлгідегі аттестат иегерлерін марапаттады. «Алтын белгі» иегері Әмина Ысқақова қазақ тілін қолдайтын «EWA» дауыстық ассистентінің тең авторы, «Информатика» секциясындағы ғылыми жобалар байқауының жүлдегері, 2023 жылдың «Жыл оқушысы». Үздік аттестат иегері Альбина Булатова болса, ағылшын тілі пәні бойынша республикалық олимпиаданың жүлдегері, орыс тілі пәні бойынша республикалық олимпиаданың жүлдегері.

Іс-шара барысында мектеп директоры Гульнара Дусказиева да сахна төрінде түлектерге құттықтау сөзін жеткізіп, барлық түлектерге аттестаттарын табыс етті. Ал түлектер мен олардың ата-аналары оқушыларға тәлім-тәрбие беріп, қосқан үлестері үшін мектеп ұжымы мен мұғалімдерге алғысын білдіріп жатты. Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты. Түлектеріміз бен олардың ата-аналары, мектеп мұғалімдері мен кураторлар шағын концерт бағдарламасымен тәнтті етті. Мектеп бітірушілеріне «NIS Alumni» қауымдастығы атынан 2022 жылдың түлегі Мадина Бектемисова NIS түлектерінің төсбелгілерін табыс етті. Осылайша бітіруші түлектер ресми түрде NIS Alumni қатарына қосылды.


Абылай ҚАСЫМОВ,
Қостанай қаласындағы
NIS баспасөз хатшысы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.