Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
01/11/26 Воскресенье

Өңір ұстаздары дүбірлі додада

Выпуск - №16(613)   :   24.04.2024
639

1

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында сәуірдің 17-19 аралығында «Мас-рестлинг» (таяқ-тарту) ұлттық спорт түрінен алғаш рет өткен Республикалық турнирге Қостанай қаласының құрама командасы қатысты.

Дүбірлі дода сәуірдің 18-і күні 88 батыл спортшылар және Республикамыздың 9 облысы бақ сынады. Келесі күні Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Саха Республикасы (Якутия) құрама командаларының арасында таяқ-тартудан және еркін күрестен жолдастық кездесу болды. Ашылу рәсіміне VIII «Азия балалары» халықаралық спорт ойындарының бас төрешісі, әлем чемпионы М.Ақшақалов, ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Е.Еркинбаев, ҚР мен Саха (Якутия) РҚ бас төрешісі П.Фитисов қатысты. ҚР мен Саха (Якутия) Республикасының құрама командалары арасында таяқ-тарту және еркін күрес бойынша матчтық кездесу ерекше аяқталды.

3


Қостанай облысы федерациясының жетекшісі ретінде менің бастауымдағы топ жақсы бақталас сайыс көрсетіп келді деп айта аламын. Қатысушылар: Рудный қаласындағы Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының мұғалімдері – Ерболат Балғабаев 85 келі, Шыңғыс Кажиков 125+ келі, Рудный қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы ЖББ мектебінің мұғалімі Мәлік Бекқали 75 келі, Айдын Жалкенов 80 келі, Рудный қаласындағы М.Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінің мұғалімі Алия Жусенова 55 келі, Қарасу ауданына қарасты Октябрь ЖББ мектебінің мұғалімі Николай Парфёнов 105 келі, Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің №1 МБ меңгерушісі Ляйлим Ибраева 75 келі, Ар-43 тобының студенті Ульяна Дерляйн 85+ келі және М-41 тобының студенті Саягуль Темиржанова 65 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарымен тартысқа түсті.

2


Нәтижесінде Қостанай құрама командасының қатысушылары қанжығаларына 1 күміс, 4 қола медаль байлады. Атап өтер болсақ, үшінші орынды – Ляйлим Ибраева, Ульяна Дерляйн, Алия Жусенова, Шыңғыс Кажиков иеленді. Ал, жүлделі екінші орын Саягуль Темиржановаға бұйырды. Екі күн бойы көрермендер мен қатысушылар жекпе-жекті үлкен шеберлікпен тамашалады. Спорттық элитаның мықты өкілдері 12 түрлі категория бойынша аренаға шығып, физикалық күш қана емес, стратегиялық ойлау деңгейі мен қиындықтарды жеңе білу қабілетін де көрсетті.
Осылайша тартысқа толы турнир елдегі бәсекелестік рухтың деңгейін көтеріп қана қоймай, спорттың барлық адамды бір-біріне жақындататынының айқын дәлелі болды. Әрбір қатысушы жекпе-жекке жаны мен күш-қуатын салды, бұл керемет толқу мен рахат атмосферасын тудырды. Аталмыш дода Қазақстандағы Мас-рестлингтің дамуындағы жаңа дәуірдің басы ғана. Осы ұлттық ойынның ары қарай да дамуына күш-қуатымызды салып келеміз. Лайым солай болғай.

Бейбут ОСПАНОВ,
Қостанай облысының
федерациясының жетекшісі,
№28 мектеп-гимназияның
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.