Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы

Выпуск - №4(601)   :   07.02.2024
765

Оқу – біздің балаларымыздың білімін, тәрбиесін және мәдениетін арттырудың маңызды факторы. Біріміз кітапты ой-өрісті кеңейту үшін оқысақ, енді біріміз жұмыс барысында ақпарат іздеп оқимыз. Арамызда кітап оқып, демалатындар да бар.

Қандай себеп болмасын, оқу сауаттылығы дағдыларын дамыту маңызды. Оқу ой-өрістің кеңеюіне, жан-жақты дамуға, ойлау қабілетін жетілдіруге, шығармалардағы кейіпкерлердің мінез-құлқындағы жағымды тұстарын бойға сіңіруге көмектеседі, жалпы адамды тәрбиелейді және рухани байытады. Кітап оқуға бала кезден баулу керек.

Адамның әдебиетке деген махаббаты сол балалық шақтан пайда болады. Жаңа стандарттарда бастауыштағы оқушының оқу құзыретін қалыптастыру үшін әдеби оқу үйрену басымдық болып табылады. Әрине, адамның кітапқа деген қатынасы бастауыш мектеп жасында қалыптасады. Оңтайлы оқуға үйретудің біршама тиімді резервтерін атап айтуға болады.

1. Ұзақтығы емес, жаттығу жұмыстарының жиілігі маңызды. Бірінші сынып оқушысын кітапты ұзақ уақыт бойы соңына дейін оқуға отырғызып қоюға болмайды. Біріншіден, баланы шаршатып жалықтырады, екіншіден, оның оқуға деген ынтасын жояды. Онан да 5 минуттан бірнеше бөліп оқытса, әлдеқайда тиімді. Осындай жаттығулардың тиімділігі бір сағаттық жаттығуларға қарағанда әлдеқайда жоғары.

2. Ызыңдап оқу. Ызыңдап оқу дегеніміз – бұл бір мезгілде дауыстап сыныптастарына кедергі келтірмес үшін күбірлеп, әрқайсысы өз жылдамдығымен біреуі жылдам, біреуі баяу барлық оқушылардың оқуы. Әрбір баламен 2 минуттай жұмыс жасай алады.

3. Әр сабақ сайын бес минуттық оқу. Әр сабақтағы бес минуттық оқуды қарастырып көрейік. Мысалы, Әр сабақта бес минут, әр күні 4 сабақ, аптасына 5 күн бар. Бір апталық жаттығу 100 минут көлемінде болады. Дәстүрлі әдістермен 2-3 минутты салыңыз. Жаттығу уақытының 50 есеге артқаны көрініп тұр. Мұның бәрі де әдістемелік айласыз жүзеге асады.

Оқырман белсенділігін қалыптастыру үдерісі мектепте заманауи тиімді технологиялар мен оқыту әдістері қолданылған жағдайда тиімді болады. Ұлттың рухани және интеллектуалды ілгерілеуінің құралы ретіндегі оқылым іс-әрекетіне балаларды және жастарды тарту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасының үлесі маңызды болмақ.

Кітап оқу – білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын.


Сания ШАГАТАЕВА,
Чапаев негізгі орта
мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі,
Қостанай қаласы

Реклама

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».

Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.

Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1
2
3
4