Жақында «Үздіксіз білім беру педагогі» облыстық жобасы аясында болашақ педагогтермен «Педагогикалық гайд» ұйымдастырылып, Қостанай қаласындағы НЗМ-де 44 болашақ мұғалім ұстаздық кәсіпке жол көрсету үшін бас қосты.
Атылмыш іс-шара Қостанай облысы әкімдігінің әдістемелік кабинет меңгерушісі, идея авторы Татьяна Набатникованың бастамасымен НЗМ директоры Гульнара Дусказиевамен бірлестікте қолға алынған. «Педагогикалық гайд» тақырыбында болашақ педагогикалық отряд және жас педагогтер арасында бір рухани түрде миды тынықтыру, атап айтқанда шығармашылық пен интеллект, креативке бағытталған ойындар түрінде іс-шара өтті. Бастапқы мақсат – болашақ кәсіби маман иесі болуға қазірден саналы және интеллектуалды дайындық жүргізу. Әлбетте, неше жылдық тәжірибесі бар педагог болсақ та, бұндай миды тынықтырып қана қоймай, функционалды сауаттылыққа бағыттайтын қызықты ойындар тек кәсіби салада ғана емес, сонымен бірге күйбіңі көп күнделікті тұрмыста да қолданылу керектігі айтылды.
Бұл идея авторының білім ұйымдарында иновацияларды арттыру және олардың тиімділігін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру мақсатында бастау алған еді. Болашақ педагогтерді мектеп қабырғасынан даярлау – болашағымыздың кірпішін, келешегін дұрыс қалау дегенмен пара-пар. Рудныйдағы Би-аға атындағы №7 мектеп-гимназиясының білім алушылары құрамынан келешекте педагогикалық мамандықты таңдаған оқушылар мүше. Бүгінгі күнге дейін «Темірқазық» педклубымыздың атқарған іс-шаралары жеткілікті. Енді, міне, НЗМ қабырғасында өткізілген жоба аясында жастарға өз мақсаттарына жетуде күш-жігер таныту керектігіне және ілім-білім іздену мен құзырлы дағдыны арттыруға басым күш жұмсауларына басымдық берілді.
Осындай маңызы бар іс-шаралар педагогикалық клуб, педагогикалық отряд мүшелерінің қатысуымен ғана емес, сонымен бірге ұстаздық жолда үлкен жетістікке жеткен, тәжірибесімен бөлісе алатын кәсіби шебер ұстаздардың қатысуымен бірге эксперимент міндеттерінің орындалуына үлкен септігін тигізеді. «Болашақ педагогтер» педагог болу жауапты іс екенін, оның ұлылық пен жылылықтан тарайтынын түсінген. Себебі «Мұғалім – креативті тұлға», «Мұғалім – сыни ойлайтын философ», «Мұғалім – өткір тілді шешен», «Мұғалім – жантанушы», «Мұғалім – екінші ана», «Мұғалім – дос», «Мұғалім – шығармашыл». Кемеңгер ұстаз, ағартушы Ыбырай Алтынсарин айтқандай: «Мұғалім – мектеп жүрегі».
Педагог – заман талаптарына сай болашақтың жарқын тұлғасын қалыптастырушы маман иесі. Заманауилықтың бір көрінісі – ол көптілділік. Шоқтығы биік данышпан Абай атамыз айтқандай; «Бір тіл білсең – бір адамсың, екі тіл білсең – екі адамсың». Бүгінде Ресей мен Белоруссия, Испания елдерінің педагогикалық мүшелерімен жаңа тәжірибе, жаңа таныстық орнаған. Аталмыш жоба әлем елдерінің оқушыларымен, болашақ педагогтерімен үлкен педагогикалық ортақ слётте кездесіп, білікті де білімді, құзырлы тәжірибе көпірін құру мүмкіндігін береді. Іс-шараға А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ректоры С.Қуанышбаев және оқу орнының проректоры Е.Исакаев бірнеше педагогикалық бағытты ұстанатын жергілікті университеттің мүмкіндіктерімен таныстырды.
Қазіргі қоғамда адамды үздіксіз тәрбиелеу ерекше рөл атқарады, яғни әрбір адамға алу, тереңдету және толықтыру мүмкіндігін беретін жеке тұлғаның өмір бойы даму, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі жүзеге асыру үдерісі. Үздіксіз білім беруде педагогикалық жоғары оқу орындары, колледждер мен мектептер арасындағы серіктестіктің мазмұнын жаңарту, болашақ мұғалімдерді даярлауға тәжірибелі мұғалімдерді қосу, инновациялық тәжірибесін пайдалану, бірлескен зерттеулерді жүзеге асыру, өзара сабақтастық орнату көзделеді. Педагогикалық қоғамдастықтың міндеттерінің бірі – мұғалімдік қызметке барынша ынталы, табысты түлектерді тарту. Қатысушылар сондай-ақ TED сессиясынан үлкен әсер алды. НЗМ оқытушыларының қызықты презентация жасайтынын айта кеткен жөн, олар үшін бұл өте маңызды!
Осылайша бүгінгі мектеп оқушысы, ертеңгі студенттің бойынан сауатты, білімді ұрпақтың бой көрсеткенінің куәсі болдық. Дүниедегі білім атаулының кілті де, құпиясы да ұстазға ғана анық. Тамаша идея авторы Татьяна Ивановна облысымыздағы шалғай ауыл және қалалардағы болашақ мұғалім боламын деген жас буынмен жүргізген іркіліссіз ізденісі, толассыз еңбегінің нәтижесі деп білемін. Ол өзгеге ұқсамайтын өзіндік ұлағатты ісімен, жұмысының өзгеше айқындылығымен, қарқын-қарымымен жұмыс жасайтын тұлға. Ұстаздың кемел келбеті деген осы. Бала қиялына қанат бітіріп, қызығушылық таныта білген болашақ ұстаздардың пәндер бойынша шоғырланып, шабыттарын арттырып, педагог мәртебесін құрметтеп, ұстаздар қатарын көбейтетін мамандардың өз мақсаттарына жетуде күш-жігер таныту керектігін түсінді.
Болашақ мұғалімдер арасында бір рухани түрде шығармашылық пен интеллект, креативке бағытталған ойындар түрінде іс-шара өтті. Педагогикалық басқосу аясындағы қызу ойын, қатысушылардың ұстаздарға деген ыстық ықылас-лебіздері оларды шабыттандырып, серпілтті. Қызықты өткені сондай, мұғалім болуға деген ықыласы арта түсті. Шығармашылық шеберхана кейінгі толқынның рухани кемелденуіне серпін береді. Ұлағатты ұстаздардың ұлы жолын жалғастырушы ізбасарларды қалыптастыру мен тәрбиелеуді мақсат еткен «Болашақ педагогтер» ұстаздық жолды таңдауға ниет білдірген білім алушылар үшін үлкен қуаныш, мазмұнды, зияткерлі дамуға толы шығармашылық шара болды. Оны қаысушылардың шынайы ризашылығынан анық байқауға болады.
Қымбат БІРМАНОВА,
Б.Майлин атындағы
№7 мектеп-гимназияның
директоры, педагогикалық
білімдер магистрі,
Рудный қаласы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.