Өнер алды – қызыл тіл

Выпуск - №39(636)   :   09.10.2024
389

4


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде негізгі құндылықтарды атап өтті. Бұл құндылықтар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізіне айналды.
2024-2025 оқу жылында мектебіміздің тәрбие жұмысы осы бағдарламаның негізгі ережелеріне сәйкес ұйымдастырылды. Әр құндылық оқу процесінде де, онымен қатар жүретін тәрбие процесінде де жүйелі түрде көрінеді. Жыл бойына жоспарланған әр ай тұлғаны қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды қамтиды.

3


Әр жанұяда баласы 7 жасқа толып, мектепке оқуға баратын шақ – баланың өміріндегі ғана емес, ата-ананың өміріндегі де маңызды, елеулі сәттердің бірі екендігі даусыз. Әсіресе, бала үшін өміріндегі үлкен қадам – білім ордасының табалдырығынан аттап, алғаш мектеп партасына отырып, әріптерді тани бастаған кезі. Қазақ халқы сөзге шешен, сөз құдіретін қастерлеген халық. Әр ата-ана баласының тез сөйлеп кетуін қалайды. Қазақтың көне ғұрпы бойынша бала «былдырлап» бір-екі сөздің басын қосып, сөйлей бастағанда «Тілашар тойын» жасайды. Баланың әр жетістігіне қуанып, тілеуін тілейді.

2


Халқымыздың салт-дәстүрін мектептің тәрбие процесімен ұштастыра отырып, мектеп қабырғасында жыл сайын 1-сынып оқушыларының «Тілашар» мерекесі өткізіліп отырады. Биыл да мерекелік жиын дәстүрлі жалғасын тауып, ата-аналар қауымы мен мектеп директоры Норгуль Касенова 1 «В» сыныбының мерекелік іс-шарасына куә болды. Іс-шара барысында тақпақтар мен өлеңдер, мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштар және жұмбақтар мен санамақтар айтылды. Оқушылар көңіл-күйді тамаша ән мен көңілді бимен жалғады. Сонымен қатар, әртістік дарындылықтарын ортаға салып, тамаша көрініс көрсетті. Бірінші сынып бүлдіршіндерінің білім әлеміне деген саяхатында ата-аналар да қолдау көрсетіп, мерекелік іс-шараға атсалысты. Бұл ынтымақтастық біріге айтқан жаңылтпаштардан, ата-аналарға жасырылған жұмбақтардан, ортақ айтылған санамақтардан көрінді.

6

7


– 2024-2025 оқу жылында мектеп табалдырығын 136 оқушы аттады. Олар үйреніп-білгендерін, жинақылығы мен әртістік қабілеттерін ортаға салып, өздерінің алғашқы ұстазы Ботагөз Каратаевнамен бірге «Тілашар» мерекесін жоғары деңгейде өткізді, – дей келе, Норгуль Шакировна балалар мен олардың ата-аналарына алғысын білдіріп, ұстаздың еңбегін жоғары бағалады. Сөз орайы келгенде, биылғы тамыз кеңесінде ардақты ұстаз Ботагөз Дөненбаева «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталғанын ерекше атап өткен жөн.

5

1


«Таудай болсын талабың!
Ашылсын тілің, қарағым.
Оқу сіңіп санаңа,
Жарқырай берсін қабағың.
Мақтанышы бола біл.
Ата менен анаңның!», – деген ақ ниеттен шыққан батасын естіген баланың рухы көтеріліп, оқуға талпынған. Сондықтан, әрбір бүлдіршінге қолдау көрсетіп, болашақта үлкен азамат болуына зор үлес қосу – біз үшін үлкен іс.

Гульназ НУРГАЛИЕВА,
№24 мектеп-гимназия
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.