Осындай тақырыпта Қостанай қалалық «Западный» кітапхана филиалы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қостанай қаласындағы «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты оқушыларымен ақпараттық сағат өткізілді.
Іс-шараны кітапханашы азат елдің қаһарманы деген атағын алғаш рет алған даңқты әскери қолбасшы Сағадат Нұрмағамбетовтың өмірбаянынан бастады. Ақпараттандыру басқармасынан арнайы қонақ ретінде шақырылған аударма жөніндегі редактор, тарихшы Бірмағамбет Тотин ұлтымыздың абройлы азаматының екінші дүниежүзілік соғыста көрсеткен ерлігі, мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғайтын Қазақстан Қарулы Күштерінің қалыптасуына ерекше еңбек сіңірген тұлға туралы тарихи, саяси-қоғамдық көзқарасы тұрғысынан бүгінгі күнмен байланыстырып, ойын ортаға салып, көпшілікпен бөлісті.
Оқушылар тыңдап қана қоймай, қызықтырған сұрақтарын қойып, іс-шараға атсалысып отырды. Бұны жастардың ұлы тұлғаға деген құрметі, аталған тақырыпқа деген қызығушылығы деп бағаладық. «Озат» мектеп-лицей-интернатының оқушылары Саятбек Егінбаев пен Саяна Тілектес атақты ақын-жазушы Кәкімбек Салықовтың егемен Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі – Сағадат Қожахметұлына арнаған «Сағадат – ер жігіттің ақсұңқары», «Батыр» өлеңдерінен үзінді оқыды, ал сұрапыл соғыс кезеңінен және 90-жылдары ел тәуелсіздігінің қалыптасуы кезеңдерінен сақталған архив материалдарынан бейне-роликтер көрсетілді.
Іс-шара соңында «Сағадат Нұрмағамбетов – даңқты қолбасшы» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, оқушылар қойылған кітаптармен, газет, журналдардан алынған ақпараттармен жақыннан танысты.
Айнагүл УТЕБАЕВА,
«Западный» кітапхана-
филиалының меңгерушісі,
Қостанай қаласы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.