Патриот болу – еліңді шынайы сүюмен, адалдықпен өлшенетін қасиет. Сондықтан бұл сезімді баланың бойына жастайынан дарыту мақсатында еліміздің оқу орындарында арнайы үйірмелер, сыныптар мен пәндер жүргізіледі.

Олардың көздейтін мақсаты да, мүддесі де бір. Ол – өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру, олардың Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Сонымен қатар жастардың бойында адамгершілік, азаматтық қасиеттерін, адалдық пен әділдіктің ақ туын берік ұстануға баулу. Ең бастысы, осы мақсат аясында жүргізілетін жұмыстар жастардың жеке тұлға болып қалыптасуына, ізгілік қасиеттерді бойына дарытуына көмектеседі.
Осы тұста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Елімізде көптеген этнос өкілдері тұрады. Біз бәріміз де – Қазақстан азаматтарымыз. Бай тарихымыздың арқасында төзімділік пен құрмет сезімін бойымызға сіңірдік. Бұл құндылықтар Қазақстанды біріктіреді, мемлекетті қуатты және сыйлы мемлекетке айналдырады. Сондықтан патриот болу – баршамыздың парызымыз», – деген сөздері еске оралады.
Бүгінде елімізде 7 мыңнан аса «Жас сарбаз» сыныптары мен клубтары бар. Оған мектептің 7-сыныбынан бастап 10-сыныпқа дейін оқушылар қатысады. Қостанай қаласындағы Мәриям Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінде 8 «Б» сыныбы қатысатын «Жас сарбаз» клубы бар. Оның құрамына қабылданатын оқушыларға қойлатын талап та жоғары. Білімді, зерек болуымен қатар логикалық тұрғыдан шапшаң ойлана алатын, физикалық нормативтерге сай келетін балалар ғана қабылданады. Жалпы «Жас сарбаз» ұйымының мектептегі бала тәрбиесіне үлкен әсері бар.
Мектептегі ұйымның артықшылықтарына тоқталсақ: оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастырады; тәртіпке, уақытқа, нақтылық пен дәлдікке үйретеді; логикалық ойлау жүйелерін дамытады; физикалық тұрғыдан баланың дамуын жетілдіреді; заң тұрғысынан сауаттылыққа, білімді болуға және жан-жақтылыққа үйретеді; адами құндылықтарды қалыптастырады; балаларды әскери қызметке баулиды; бастысы жеке тұлға етіп тәрбиелейді; әскери өнерді үйретіп, болашақ нағыз ержүрек офицерлерді дайындайды.
Тәртіп пен тәрбиені қатар ұстанатын бұндай ұйымдардан тәрбиеленіп шыққан жеткіншектерден күтетін үміт пен артылар сенім зор. Олардан келешекте елін, жерін қорғайтын азамат шығатыны анық. Ойшыл әл-Фараби: «Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, сонан соң айтып берейін», – деген. Ел болашағы жастардың қолында екенін ұмытпай, ұрпақтың саламатты, сапалы өмірі үшін «Жас сарбаз» ұйымын әрі қарай жандандыруға тиіспіз.
Жанар САЛКЕНОВА,
М.Хәкімжанова атындағы
№20 ОМ өзін-өзі тану
пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!