Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
21/09/26 Понедельник

Саламаттылық – салтымыз!

Выпуск - №4(601)   :   01.02.2024
765

Ата-ана, оқушы және мектеп үштік одағын арттыра отырып, қарым-қатынастарын нығайту мақсатында Мичурин жалпы білім беретін мектебінде бастауыш сынып оқушылары және ата-аналары арасында «Толағай» спорттық сайысы өтті.

Оқушылар мен олардың ата-аналарына спорттық ойындарды орындата отырып, саламатты өмір салтына деген қызығушылықтарын арттыру, ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа, әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге баулу көзделді. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру де назардан тыс қалмады.
Сайысқа 1 «Ә» сыныбынан Досмұхамбеттер отбасы, 2 «Ә» сыныбынан Кәдірбайлар отбасы, 3 «Ә» сыныбынан Абусагитовтар отбасы, 4 «Ә» сыныбынан Испановтар отбасы белсене қатысты. Сайыс өте қызықты әрі көңілді өтті. Бақ сынасқан әр отбасы, ұпай санына сай номинациялармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Спорттық жарыс барысында арқан тарту, асық ату, күш сынасу сияқты ұлттық құндылықтар мен ұлттық ойындар жүргізіліп, сайыс соңында барлық қатысушылар мен жанкүйерлер «Қара жорға» биін билеп, жарысты көңілді аяқтадық.


Асем КУЗЕМБАЕВА,
Мичурин ЖББМ
бастауыш сынып
мұғалімі,
Қостанай ауданы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!