«Ұстаз бақыты – шәкіртінің жетістігін көру», «Шәкіртсіз ұстаз – тұл» деген ұлағатты сөздер бар халқымызда. Рас, ұстаздық пен шәкірт ұғымын бірінің екіншісіне үйретуі, екіншісінің үйреткенді ынта қойып тыңдап, сол білім негізінде жақсы қырынан танылуы – мақтаныш.
Иә, шәкіртсіз ұстаз – бұтақсыз қу ағаш сияқты. Әрбір шәкіртімнің жасаған әрекеті – мен үшін қайталанбас бейнелер. Жұмыста да, үйде де тек шәкірттерімнің қылықтарын ойлап жүретінмін. Биыл шәкірттерім 4-сынып бітіріп, орта буынға қадам басайын деп жатыр. Олардың әрқайсысы жадымда ғана емес, жанымда да мәңгі сақтаулы. Себебі, олардың өмірге деген қызығушылығын ояттым, баламдай тәрбиелеп, жақсылығына сүйсініп, жамандықтан жиренуге шақырдым. Олардың қуанышына ортақтастым, кемшін тұстарына күйіндім де.
Табиғаттың ең бір үлкен сыйы – ұстаздың шәкірт жүрегінде мәңгі ойып орын алып қалуы. Егер шәкірт жүрегінде мәңгі қалсаң, онда сол бала жүрегінің кілтін дұрыс тапқаның. Ондай құпия кілтті табу үшін асқан қабілеттілік, байқағыштық, елестету, әдептілік өте қажет. Адам өзінің айрықша сыйлайтын, сенетін, тәнті болып, мақтан тұтатын тұлғасының айтқанын екі етпейді, тапсырмасын ауырсынбайды, оны шын пейілі, ықыласымен, бар ынтасымен және шабытпен орындайды. Менің шәкірттерім де сондай. Олар: Нұрислам Ерсайын мен Ильсур Жалмухамбетов.
Бірінші сыныпқа келгенде Нұрислам тұйық болып көрінгенмен, оның ұшқыр ойы, үкілі үмітінен көп нәрсені күтуге болатын байқадым. Ал, Ильсур шәкіртім орысша сөйлеуге бейімделген еді. Бірақ, ынта қойып, әр іске ерекше ықыласпен кірісетін шәкірттеріме жауапты жұмыс тапсырып, үкілеген үмітімді арттым. Олар түрлі ғылыми жоба байқауларына қатысып, сол сенімді ақтады. Тақырыпты бірлесе отырып таңдап, аймақ, аудан көлеміне де шығуы олардың шыдамдылығы мен еңбекқорлығы, адал еңбегінің арқасы. Таңдаған тақырыптың өзектілігі, мақсаты, проблемалары туралы ой тұжырымдап, ерекше мән беруі – биік белестерден көрінулеріне бірден-бір сеп болды.
Ұстаздық – қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандық деп жатады. Салмағы ауыр осы бір сөзден көп ой түюге болады. Сондықтан, елдің ертеңі – біздің қолымызда.
Гүлжан ЕРМАГАМБЕТОВА,
Жамбыл ЖББМ
бастауыш сынып мұғалімі,
Қостанай ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.