Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
01/11/26 Воскресенье

Шығармашылыққа жаны жақын ұстаз

Выпуск - №7(604)   :   21.02.2024
791

Амангелді ауданыдағы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектепте Бұлбұлай Белғожина атындағы орыс тілі мен әдебиеті кабинеті ашылды. Салтанатты іс-шараға аудан әкімі бастаған жергілікті билік өкілдері қатысты.

Бұлбұлай Қоңдыбайқызы 1945 жылы Орынбор облысына қарасты Кардаиловка колхозында дүниеге келген. Орта мектепті тәмамдаған соң, 1964 жылы Орынбор қаласындағы мәдени-ағарту училищесінің хор-дирижерлық бөліміне оқуға түсіп, баянда, фортепьянода ойнап, ән айту шеберлігін меңгереді. 1970 жылы Белқожа әулетіне келін болып түседі. Артынша 1971-1975 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік университетінің орыс сыныптарына арналған орыс тілі және әдебиеті факультетіне сырттай оқуға түсіп, Сарыторғай ауылындағы Бейімбет Майлин атындағы орта мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі болып жұмысын жалғастырды.

Ұстаздықпен қатар білім алушылардың шығармашылығына жол салып, хореография, ұлттық билер, баян, фортепьяно аспаптарында ойнауды үйретеді. Оқушыларын театр өнеріне баулып, Сарыторғай ауылында Н.В. Гогольдің әйгілі «Ревизор» комедиясының мәтіні негізінде көпшілікке сахналық қойылым жол тартады. 1989 жылы жолдасы Орақ ағайдың жұмыс бабымен Амангелді ауданына қоныс аударып, Ы.Алтынсарын атындағы орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасады.

Өнерге жаны жақын ұстаз бұл жерде де мектеп оқушыларын орыс тілі иен әдебиеті пәніне шығармашылық арқылы баулиды. Аталмыш білім ордасында А.С. Пушкиннің «Cказка о попе и о работнике его Балде» ертегісінің желісі бойынша қуыршақтар театрының қойылымы өтеді. Шығармашыл ұстаздың еңбегі бағаланып, 1994 жылы «ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері атанды. Ал, 1995 жылы «Атамекен» аудандық мектепаралық байқауына Бұлбұлай апайдың жетекшілігімен шәкірттері ауданымызда алғаш рет «Айша Бибі» спектаклін қояды.

Үлгілі ұстаз өмір жолында шәкірт тәрбиелеп қана қоймай, жас ұрпаққа адам болуды, саналы азамат ретінде қалыптасуды да үндеді. Кабинеттің ашылуына мұрындық болған Ы.Алтынсарин атындағы мектеп директоры Бақытбек Ақжановтың айтуынша, игі іске белгілі кәсіпкер Данияр Орақұлының көп көмегі тиген.

– Ойымды айтып, Данияр Орақұлына өтініш білдірдім. Бірден келісіп, сол күннен бастап іске кірістік. Кабинеттің керек жабдығын, заманауи заттарды, сыныпқа қажет технологияларды Данияр Орақұлы жеткізіп берді. Кабинеттің жалпы құны – 2 миллион теңгені құрайды. Осынау игілікті іс оқушылардың сапалы білім алып, дамуы үшін өте маңызды, – дейді Бақытбек Ақынғазыұлы.

Кабинеттің лентасын аудан әкімі Талғат Карбозов және ұстаздың перзенті Данияр Белғожин кесті. «Ашылған кабинеттің пайдасы шексіз. Себебі. қазір заман талабына сай жабдықтар әрбір оқушының мүддесі үшін жұмыс істейді. Бұл ретте мектеп басшылығының да біліктілігі байқалады. Жаңа кабинет оқушыларға мол мүмкіндік берері сөзсіз», – деп қорытындылады сөзін аудан әкімі Т.Карбозов.


Бейбіт НҰРМҰХАНОВ,
Амангелді ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.