Жақында Қостанай қаласындағы «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатында «IT инновациялар балалардың көзімен» атты облыстық кинофестивальдің шешуші кезеңі өтіп, жеңімпаздар анықталды.
Қостанай облыстық білім басқармасының ақпараттандыру және білім сапасын бағалау әдістемелік орталығының қолдауымен өткен кинофестиваль ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ынталандыру және қалыптасқан дағдыларын дамытуды көздеді. Жалпы кинофестиваль 2 кезеңде өтті. Ең алдымен, ақпанның 1-20 аралығында қашықтан іріктеу кезеңі ұйымдастырылып, алғашқы кезеңнен сүрінбей өткендер келесі қорытынды кезеңге жолдама алды. Алғашқы іріктеу кезеңіне облыс бойынша 76 оқушының жұмыстары қаралды. Олар Федоров, Сарыкөл, Алтынсарин, Қостанай, Әулиекөл, Қамысты, Науырзым, Бейімбет Майлин, Қарасу аудандары мен Қостанай, Рудный қалаларының намысын қорғады.
Қатысушылар жалпы 5 бағыт бойынша 57 жұмыс ұсынды: деректі кино, ойын (көркем) кино, мультипликациялық фильм, әлеуметтік ролик, жарнамалық ролик. Кинофестивальдің соңғы кезеңіне 25 оқушы шақырылып, олардың жұмыстары кемінде 30 баллдан жинап, үздік бестікке кіргенін айта кеткен жөн. «Озат» мектебінің қабырғасында өткен қорытынды кезеңде оқушылар жеке-жеке шығып, жұмыстарын таныстырып өтті. Сөйтіп әр бағыт бойынша үздік жұмыстарды тамашалаған соң, жиналған қауым онлайн дауыс беру арқылы «ІТ инновациялар балалар көзімен» облыстық кинофестивалінің қорытынды кезеңінің жеңімпаздарын анықтады. Үздіктер марапат биігінен табылып, өзінің өңірі мен білім ордасының мерейін арттырды.
Осылайша әлеуметтік ролик бағытында 1-орынға Рудный қаласынан Ульяна Шагиморданова мен София Осипова, 2-орынға Б.Майлин ауданынан Артем Елисеев, ал 3-орынға Қамысты ауданынан Аружан Омарова ие болды. Сондай-ақ «Техникалық орындау» аталымында Қамысты ауданынан Дильназ Мухамбетуалиева, «Шығармашылық көзқарас» аталымында Б.Майлин ауданынан Алина Сакетова мен Владислава Москвина марапатталды. Келесі деректі кино бағытында 1-орынды Федоров ауданынан Валерия Дудко мен Нұрқанат Дегенбаев, 2-орынды Қостанай ауданынан Изабелла Козаченко, 3-орынды Қостанай ауданынан Влада Швечихина иеленді. Ал «Техникалық орындау» аталымына Рудный қаласынан Кристина Рощина, «Шығармашылық көзқарас» аталымына Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының шәкірттері Сайын Мұратбеков пен Алия Айтымбетова лайық деп танылды.
Мультипликациялық фильм бағытында 1-орынды Қостанай ауданынан Ангелина Юшкевич, 2-орынды Рудный қаласынан Артём Калинченко, ал 3-орынды Федоров ауданынан Дарья Дробязко қанжығасына байлады. Сондай-ақ осы бағытта «Техникалық орындау» аталымында Алтынсарин ауданынан Полина Отт, «Шығармашылық көзқарас» аталымында Қарасу ауданынан Ульяна Жих марапатталды. Тағы бір қызықты бағыттардың бірі жарнамалық ролик бойынша 1-орынға Б.Майлин ауданынан Зарина Жуманазарова, 2-орынға Рудный қаласынан Ярослав Панков, ал 3-орынға Алтынсарин ауданынан Қайрат Жұлдызбай ие болды. Және бұл бағытта да үздік бес жұмыстың екеуі аталымдарға ие болды. «Техникалық орындау» аталымы Рудный қаласынан Мадина Саржанова мен Айдана Утеулинаға, ал «Шығармашылық көзқарас» аталымы Қарасу ауданынан Валентина Савицкаяға бұйырды. Ойын (көркем) кино бағытында бір жұмыс қана үздік деп танылып, Қостанай ауданынан келген Назерке Байдрахман 1-орынды жеңіп алды.
Мектеп оқушыларының жұмыстарына қолдау көрсетіп, бағыт берген жетекшілеріне де іс-шара соңында сертификаттар табысталды. Көрермен болып отырған сәтте әр жұмыстың артында қаншама еңбек пен жауапкершілік жатқаны байқалды. Әсіресе әлеуметтік ролик бағытындағы жұмыстардың әрқайсысы соңында крерменге белгілі бір ой салып, мәселенің қаншалықты өзекті екенін түсінуге ықпал етті. Күнделікті өмірімізге сіңісіп кеткен дүниелер мен өзекті мәселелерге жастардың көзімен қарауға мүмкіндік берген кинофестивальдің ғұмыры баянды болсын дейміз.
Жамал ШАУКЕН
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.