Биылғы қыркүйектің 17-сі ҚР-ның халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сырбай Мәуленовтің 100 жылдық мерейтойы аталып өтуде. Соған орай С.Мәуленов атындағы гимназияда қалалық «Сырбай оқулары» байқауы өткізілді.
Қазақ поэзиясына нағыз сыршыл сезімді, шынайы, көркем бейнелі өлең үлгісін әкелгендердің жуан ортасында ойып орын алатын Сырбай ақынның орны өзгеше. Сырбай Мәуленов – өз мектебі бар ақын ғана емес, қазақ поэзиясын жарқыраған жаңа кезеңге көтеріп бере алған кемел құбылыс. Қан майданда қар жастанып, мұз төсендірген соғыстың қайғы-қасіретін, өмір мен өлім айқасын өз көзімен көріп, көңілге түйген, жырларының аясын кеңейтіп, көрген-білгенін ойында терең қорытып, тіршілік философиясына айналдырған ақын.
Байқауға қала мектептерінен 60-қа жуық мектеп оқушылары қатысты. Байқау екі номинация бойынша өткізілді. «Сырбай ата ізімен» номинациясы бойынша жас ақындар Сырбай ақынға арнаған төл туындыларымен сынға түссе, «Майдангер мұрасы» номинациясы бойынша оқушылар Сырағаңның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқудан сайысты. Мерейтойға қонақ ретінде шақырылған Сырағаңның көзін көрген Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессорылары Серікбай Оспанов пен Ақылбек Шаяхмет сияқты жерлес ақындарымыз оқушыларға Сырбай Мәуленовтың өмірбаяны мен шығармашылығынан сыр шертті.
Сайысқа қазылық етуге «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Қ.Қиысқан, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің аға оқытушысы Ш.Төлегенова, қалалық білім бөлімінің «Рухани жаңғыру» бағыты бойынша, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша әдіскерлері Е.Иманкулов пен Ж.Жұмағұлова шақырылды. Байқау жоғары деңгейде өтті. Сайысқа қатысушылар С.Мәуленовке арналған кітап көрмесін, Сырағаңның гимназиядағы мұражайын тамашалады. Қонақтар мен қатысушыларға Сыраға мектебінің мың бұралған бишілері билерін, домбырашылар ансамблі күмбірлеген күйлерін ұсынды. Гимназия хор үйірмесінің мүшелері ақынның сөзіне жазылған «Соғыстан қайтқан солдаттар» әнін нақышына келтіре орындады.
Сайыс нәтижесінде №29 орта мектебінің оқушысы А.Садір, №30 орта мектептің оқушысы З.Морыш мәнерлеп оқу бойынша 1-орындарды иеленсе, С.Мәуленов атындағы гимназияның оқушысы Е.Ыдырыш, №20 орта мектептің оқушысы А.Сатымбаева Сырағаңа арнау өлеңдерімен топ жарып, 1-орындарды иеленді. Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Кеш соңында тіл жанашыры С.Оспанов қатысушыларға батасын берді. Жыр жампозы Сырағаңның мерейтойы әлі де жалғасын таппақ.
Эльмира ШАУЕНОВА,
С.Мәуленов атындағы
гимназияның қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».
Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.