«Заманауи мектепті басқару»: осындай тақырыпта Педагогикалық шеберлік орталығының мамандары еліміздегі NIS қабырғаларында директорлар мен олардың орынбасарларына білім беру компьютерлік симуляторын таныстырып, жұмыс жүргізуде.
Аталмыш симулятор білім ордалары басшылардың негізгі дағдысы – шешім қабылдауды дамытуға ықпал етеді. Тренажерде жұмыс істеу барысында олар виртуалды мектеп моделін жасап, сол мектепті бір немесе бірнеше виртуалды жыл ішінде білім ордасындағы оқушылардың, олардың ата-аналары мен ұстаздарының, мемлекеттің талап-тілектері негізінде жоғары деңгейге көтеру үшін қандай да бір басқару шешімдерін бірлесе қабылдайды.
Симуляторды әзірлеу былтырдан бері жүргізілген. Техникалық бөлігін мәскеулік EdCrunch Academy-дің IT мамандары қамтамасыз етті. Ал мазмұндық бөлігін құруға мектеп басшыларын оқытудың ұзақ мерзімді бағдарламаларын жүргізіп келе жатқан ПШО тренерлері, сондай-ақ қалалық және ауылдық, оның ішінде шағын жинақты мектептердің директорлары қатысқан. Виртуалды мектеп болғанмен, ондағы барлық қабылданған шешімдер шынайы өмірдегідей нәтижеге әкеледі. Себебі, симуляторда еліміздің білім беру жүйесіндегі құжаттар, нормалар, ережелер қамтылған. Мектеп директорларының тәжірибесінен көптеген ерекше кейстер енгізілген. Бұл туралы бізбен әңгімесінде ПШО Қостанай қаласындағы филиалының басшысы Онищенко Елена Анатольевна айтып өтті.
ПШО мамандары өткен жылдың соңынан бері облыс орталықтарында осындай тренинг жүргізіп келеді. Кезек біздің облысқа да жетіп, Қостанай қаласындағы NIS қабырғасында өңіріміздің түкпір-түкпірінен мектеп директорлары мен олардың орынбасарларынан жалпы 150-ге жуық адам жиналды. Үлкен залға кіре сала, екі-үш адамнан бірігіп, топ болып белсенді талқылау үстінде отырған ұстаздарды байқадық. Тренинг екі күн қатарынан өткізілді, алайда біз барған екінші күні өздерінің табысты мектебінің моделін жасауға кірісіп кеткен 19 топты байқадық. Солардың бірі – Рудный қаласындағы Би-аға атындағы №7 мектептің командасы. Он жылға жуық уақыт мектеп директоры болып қызмет етіп келе жатқан Қымбат Бірманова симуляторға қатысты пікірімен бөлісіп, бірегей жобаның артықшылықтарын атап өтті.
– Виртуалды ортада бағдарлауға негізделген компьютерлік симулятор, біріншіден, уақытты ұтымды пайдалануға, екіншіден, стратегиялық жоспарлауға мүмкіндік тудырады. Бұл жобаны: қазіргі дәуірдің жаңашыл дүниесі деуге әбден болады. Жалпы бағдарлама 6 модульден тұрады. Мектеп басшысынан бөлек білім ордасының барлық қызметкерлерінің жұмысын бір жүйеге келтіреді. Симуляторда мектептің күнделікті өміріне қатысты аспектілер: мектептің материалдық-техникалық базасы, үйірмелер мен секциялар жүйесі, оқушылардың қауіпсіздігі және т.б. қамтылған. Ойында бойымызда қалыптасқан дағдыларды қолдану арқылы, өзімізге көп дүниені түртіп алдық, – дейді Қымбат Исланбекқызы.
Бағдарлама қабылданған шешімдерді бағалап, жоғарыда аты аталған тараптардың талаптары қаншалықты қанағаттанғанын көрсетеді. Осылайша шынайы өмірде бұрыс шешім шығарып, салдарын тартқаннан гөрі, білім беру саласының қызметкерлеріне симулятордың көмегімен «қателесіп», қажет деген тұстарын өзіне түртіп алу мүмкіндігі берілді. Симулятор қатысушыларға мәселенің 1600-ге жуық шешімін ұсынады. Солардың ішінен дұрысын таңдау үлкен кәсіби шеберлікті қажет ететіні рас. Обысымыздың ұстаздарына таңсық жоба болғандықтан, тренер ретінде ПШО білікті мамандары, атап өтер болсақ Астана қаласынан Сапура Жолдасбаева мен Алматы қаласынан Бағдагүл Сайфуллақызы арнайы келіп, симулятордың жұмысын түсіндіріп отырды.
Осылайша елімізде алғаш рет қолға алынған бірегей білім беру бағдарламасының арқасында мектеп көшбасшылары виртуалды мектептің көмегімен мектеп өмірін басқарудың нақты мәселелерін пысықтауға мүмкіндік алды.
Жамал ШАУКЕН
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.