Қостанай ауданындағы мемлекеттік тілде оқытатын А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 7 және 8-сынып оқушыларына арналған «Бір ел тарихы – Қазақстан» атты мұражайлық дәріс өткізілді.
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экскурсия жетекшісі Таншолпан Муханбетқали жүргізген дәріс Республика күні қарсаңында ұйымдастырылып, оқушылардың тарихи санасын қалыптастырып, елге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды. Іс-шара барысында оқушылар тарихтың маңызды кезеңдерімен танысып, еліміздің өткені мен бүгіні туралы мағлұмат алды. Әсіресе, тәуелсіздікке дейінгі қиындықтар мен ұлт ретінде қалыптасу жолындағы күрес жайлы айтылған деректер балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Мұндай іс-шаралар жастарды ел тарихын құрметтеп, ата-баба еңбегін бағалауға тәрбиелейді.
Қазақстан – мыңжылдықтар қойнауынан келе жатқан бай тарихы бар мемлекет. Ежелгі түркі дәуірінен бастап, Қазақ хандығының құрылуы, патшалық Ресей мен кеңес кезеңіндегі күрделі оқиғалар, тәуелсіздікке қол жеткізу сынды тарихи белестер – халқымыздың қайсарлығы мен бірлігінің көрінісі. Аталмыш дәріс барысында оқушыларға тарихи тізбектің негізгі оқиғалары бейнематериалдар, тарихи құжаттар мен мұражай жәдігерлері арқылы көрсетілді. Бұл олардың тарихқа деген қызығушылығын одан әрі арттыра түсті.
Мұражайлық дәрісте білім алушылар еліміздің тарихи тұлғаларының еңбегімен де танысты. Тәуелсіздік жолында күрескен Алаш қайраткерлері, батырлар мен ел басқарған тұлғалардың өмірбаяндары – өскелең ұрпақ үшін үлгі боларлық өнеге. Мысалы, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлы сынды ұлт зиялыларының өмірі мен еңбегі туралы мәліметтер балалардың ерекше ықыласын тудырды. Олар асыл ерлеріміз жайлы тың деректерді біліп, олардың ерлік істеріне құрметпен қарады. Тарихты оқулық арқылы ғана емес, нақты деректер мен жәдігерлер арқылы танып, тереңірек сезінуге мүмкіндік беретін мұндай танымдық дәрістердің мәні зор.
«Бір ел тарихы – Қазақстан» тақырыбындағы дәріс жастарға өткенді құрметтеп, болашаққа жауапкершілікпен қарауды үйретеді және оқушылардың бойында ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастырды. Әр оқушы Қазақстанның Тәуелсіздігі – ортақ жетістігіміз екенін терең түсінді. Олар еліміздің Туы мен Елтаңбасының мәнін, егемен ел болудың қадір-қасиетін сезіне білді. Тарихты білу – өзіңді танудың алғашқы қадамы. Елінің өткенімен танысқан ұрпақ қана оның болашағын бағалай алады. Дәріс соңында оқушылар ойларымен бөлісіп, тәуелсіздіктің өмірдегі маңызы жайлы пікір алмасты. Көпшілігі үшін бұл дәріс рухани шабыт пен патриоттық сезімнің оянуына сеп болды.
Оқушылар үшін осындай танымдық әрі тәрбиелік маңызы зор «Бір ел тарихы – Қазақстан» танымдық дәрісінің өтуіне білім ордамыздың география пәнінің мұғалімі, 8-сынып жетекшісі Утепбаева Данагүл Монтайқызы ұйытқы болғанын ерекше атап өткен жөн. Қазақстан – біртұтас, тәуелсіз ел. Әр азаматы оның тарихын танып, бүгініне үлес қосып, болашағына сеніммен қарауы тиіс. Өйткені бір елдің тарихы – баршамыздың тағдырымыз, ортақ мақтанышымыз. Тарихты ұмытпау – болашақты сақтаудың кепілі. Сондықтан да осындай мазмұнды дәрістердің жалғасын табуы – жас ұрпақ үшін аса маңызды рухани қадам екенін әрдайым жадымызда сақтауымыз керек.
Қаламқас ДУЛЫБАЕВА,
Мемлекеттік тілде оқытатын
А.Байтұрсынұлы атындағы
жалпы білім беретін
мектептің математика
пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.