Тарихы терең білім ордасында өнер кабинеті ашылды

Выпуск - №44(592)   :   28.11.2023
796

Амангелді жалпы білім беретін мектебінде айтулы іс-шара өтіп, мұның өзі көпшіліктің шынайы ризашылығы мен қолдауына ие болды. Тарихы терең, киелі білім ордасында дәулескер күйші Айтбай Мұздахановтың есімімен өнер кабинеті ашылды.

Айтбай Мұздаханов Амангелді жалпы білім беретін мектебінің түлегі болғандықтан және туған жеріміздің тума таланттарын дәріптеу мақсатында былтырғы оқу жылынан бастап Айтбай Мұздахановтың өмірі мен шығармашылығын биылғы мектеп түлегі Карина Жолдыбек зерттеп, аудандық ғылыми жобалар байқауынан бас жүлдені иеленіп, жақында облыстық ғылыми жоба байқауында қорғағалы отыр. Зерттеу күнделігі жоспарының бір бөлімінде осы кабинетті ашу көзделген болатын. Жалпы ғылыми жоба барысында бірқатар іс-шаралар өткізілді. Жобаның идеясы орындалып, жұмыс нәтижесінде сол іс-шараның бірі Айтбай Мұздаханов атындағы өнер кабинеті ашылып, баршаға дәріптелді.

Өнер кабинеті мектептің мәңгілік қозғалыс өмірінде композитордың есімі өскелең ұрпақтың жадында қалып, тіршілік атаулыға тән жеміс беретін қасиет, жақсы көруге, махаббат атты ұлы сезімге, өнерге, мейірімділікке баулу мақсатында Айтбай Мұздахановтың ұрпақтарының демеушілігімен ашылды. Жаңа кабинеттің лентасын қию құрметі Амангелді жалпы білім беретін мектебінің түлегі, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Құрмет орденінің иегері, бүкіл одақтық фестивальдің лауреаты, дәулескер күйші, Амангелді ауданының құрметті азаматы Айтбай Мұздаханов және Амангелді аудан әкімінің орынбасары Малшыбай Қаласовқа ұсынылды.

Кәдімгі мерекеге айналған осы өнегелі іс-шарада композитор Айтбай Мұздаханов, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Мәдениет саласының үздігі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Анар Мұздаханова, композитордың ұрпақтары және аудан әкімінің орынбасары М.Қаласов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Дауылбаев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы М.Дихамбаев және ауданымыздың мектеп, мекеме басшылары қатысты. Өнер кабинетінің ашылуында мектептің өнерлі оқушылары мен ұстаздары қонақтардың құрметіне концерттік бағдарлама ұсынды. Іс-шараға қатысқан қонақтар көркем де жинақы жабдықталған кабинетті тамашалап, танысып шыққан соң, алғашқы сөз аудан әкімінің орынбасары Малшыбай Қаласовқа берілді. Артынша басқа да қадірлі қонақтар сөз алып, дарынды композитор Айтбай Мұздахановқа риясыз құттықтауларын арнады. Осылайша өнер кабинетінің ашылу іс-шарасы жоғары деңгейде өтті.

Амангелді жалпы білім беретін мектебі мен батыр атындағы Амангелді ауданы – ұлттық өнердің қайнаған ортасы десек те болғандай. Қасиетті мекеннен қаншама дарынды, өнерлі дарабоздар шықты. Амангелді батыр атамыздың 150 жылдық мерейтойына арнап, атамыздың жазған алғашқы күйі «Амангелді дүбірін» биыл атамыздың қызы Анар Мұздаханова халық батырына арнап, атаулы тойы қарсаңында жаңа нұсқада бейнебаянымен бірге жұртшылыққа ұсынды. Айтбай Мұздахановтың күйлері мәңгілік тарихы бар құнды туындылар. Әрине, ол көпшілік іс-шараларда орындалып, жұртшылыққа паш етіліп жүр. Жас ұрпақ осы ашылған өнер кабинетіндегі композитордың өмір жолынан сыр шертер фотосуреттерін көріп, күйлерін үйреніп жүрсін деген оймен, ол кісінің қайтпас қайсарлығы мен еңбекқорлығы балаларға үлгі болсын деген мақсатта ашылған өнер кабинетінің расында игілігі мол.

Айтқандай, шәкіртіміз Жолдыбек Каринаның ғылыми зерттеу жоба жұмысы жоспарындағы іс-шараның орындалуы – зерттеу жұмысының бір нәтижесі болса керек. Алдағы уақытта Амангелді ЖББ мектебінің оқушылары болашақта халықтық қайнармен біте қайнаған дарынды композитор Айтбай Мұздахановтың күйлерін бойларына сіңіріп өспек. Сондай-ақ, жаңа кабинет ұстаздардың балаларды өнерге баулып, шығармашылық бағытта жұмыс істеулеріне де мүмкіндік бермек. Айтбай Мұздаханов атамыз сияқты дарынды тұлғаның біздің тарихы терең білім ордасының түлегі болғаны – мақтанарлық жайт әрі болашақ ұрпақ үшін үлкен өнеге. Өнер кабинетінің ашылуы дарынды тұлғанының есімін насихаттау ғана емес, ол кісіден жеке ажыратып алуға келмейтін музыка мен өнерді де бірге дәріптеу.


Камшат АБДИКОВА,
Амангелді ЖББ мектебінің
ғылыми-әдістемелік
жұмыстар жөніндегі
орынбасары

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.