
Қостанайдағы Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен «Ы.Алтынсарин БҰҰ Моделі» атты мектеп оқушыларының конференциясы болып өтті.
Тарихы терең, бүгіні баянды, болашағы жарқын білім ордасының 140 жылдық мерейтойына арналған конференция жаһандық мәселелерді шешу жолдарына қызығушылық танытатын өңірлік білім беру ұйымдарының 9–11-сынып оқушыларына арналған. Конференцияда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 8 комитет жұмыс істеді. Қозғалған тақырыптар арқылы жасөспірімдер назарын адамзаттың жаһандық мәселелеріне аудару, сонымен қатар, интеллектуалды және шығармашылық ынтымақтастық үшін кең мүмкіндіктер беру, халықаралық құқық және қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік даму, халықтық және басқа да гуманитарлық салалардағы қызметке қатысты көптеген мәселелер бойынша білімді кеңейту мақсаты көзделді.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың демократиялық қағидаларын және БҰҰ қызметін қатысушылар рөлдік ойынға қатысатын елдің мүдделерін ескере отырып, конференция мәселелерін талқылау барыфсыенда зерделей отырып, практикалық қолдана білді. Осы аталған конференцияға Тобыл қаласының Нұржан Наушабаев атындағы мектеп-гимназиядан алты оқушы қатысты. Олар: Сержан Ерболұлы, Мадина Мағзұмхан, Жаннұр Әлім, Нұрай Серикова, Жангул Мешитбай және Жұлдыз Жабагина. Конференция делегаты берілген елдердің бірін ұсынып, сол бойынша дайындық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ұсынылған елдің мәселелерін зерттейді, позициялық құжат дайындайды.
Бұл конференцияның мектеп оқушыларына берер тәлімі мол және осы үрдіс жалғасын табады деген сенімдеміз. Конференция соңында қатысушылар сертификаттарға ие болып, ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша ең белсенді және көрнекті қатысушылар құрмет грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ, кеңселердің жұмысын жарыққа шығарған үздік журналист те назардан тыс қалмады.
Назгуль АЛИМОВА,
Н.Наушабаев атындағы
мектеп-гимназиясының
құқық негіздері пәнінің
мұғалімі, құқық магистрі,
Қостанай ауданы,
Тобыл қаласы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.