Өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту – оның кәсіби тәжірибе арқылы үздіксіз өз білімін жетілдіріп, дамып, шыңдауға әкелетін тың жаңалықтарды қабылдау мен меңгертудің қарқынды үдерісі.
.jpg)
Педагогикалық тәжірибе – шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Ол сонысымен өте құнды әрі мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Соған орай Алтынсарин ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы Обаған ЖББ мектебінде «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныбының жүргізіліп жатқан жұмыстарымен «Тәжірибе алмасу – мұғалім үшін кәсіби қажеттілік» атты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында білімін жетілдіріп жатқан Қостанай облысы бойынша АӘжТД пәнінің ұйымдастырушы-жетекшілерімен әдістемелік-практикалық семинар өтті.
Семинар Ы.Алтынсарин атындағы Обаған ЖББ мектебінің «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныбының 2022-2023 жылдар аралығында жүргізген әскери-патриоттық іс-шараларымен, жұмыс тәжірибелерімен және үздік әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасумен ұласты. Тәжірибелік шараға жиналған облыстық АӘжТД пәнінің ұстаздарына мектеп басшысы құттықтау сөз сөйлеп, «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныбының тәрбиеленушілері – 11-сынып оқушылары Дилшат Ерлан мен Әбілмансұр Ануарбек АК-74 қаруын бұзып-жинаудан шебер-сынып көрсетсе, Дариға Жолдыбек мектеп өмірімен қысқаша таныстырып шықты.
.jpg)
.jpg)
Тәжірибе алмасу іс-шарасы АӘжТД пәні кабинетінде жалғасын тауып, «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныбының ашылу тарихы, оған қандай құжаттар дайындау керек және сыныптан тыс жоспарлар жасалуы қалай екені жайлы сөз қозғалды. Айта кетететін болсам: мектепішілік жүргізілген әскери-патриоттық ойындар, ерлік сабақтары, Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу іс-шаралары, дебат сайысы және аудандық, өңірлік сияқты жүргізілген сайыстардың өткізу жоспарлары мен бағдарламаларымен танысты.
Жалпы семинарға қатысушы АӘжТД пәнінің ұйымдастырушы-жетекшілерінің арасында қызу талқыға түсіп,әрбір ұстаздар өздеріне керекті мағұлыматтармен қаруланып қайтты. Семинарға қатысушы ұстаздарды «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныбына арналған бағдарламамен таныстырып, жоспарлаудың әдістеріне қатысты тәжірибеммен бөлістім. Қостанай облысының әрбір елді-мекенінен келген АӘжТД пәнінің ұйымдастырушы-жетекшілері Ы.Алтынсарин атындағы Обаған ЖББ мектебінің «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныбының іс-тәжірибесіне оң баға беріп, алдағы уақытта бірлескен жұмыстың нәтижесін көруге болатынын айтты.
Тәжірибе алмасу – іркіліп тұрған істің алға басуына септігін тигізетін практика десек те болады. Себебі, семинардың қатысушылары өзге өңірдің ерекшеліктерін байқап, іліп алар тұсын өз тәжірибесінде қолдануға тырысады. Осындай игілікті мақсатты көздеген тәжірибе алмасу шарасы алдағы уақытта да жалғаса берсе деген өтініштерін білдіріп, АӘжТД пәнінің ұйымдастырушы жетекшілері жақсы көңіл-күймен тарасты.
Талғат СЕЙДАЗЫМОВ,
Ы.Алтынсарин атындағы
Обаған ЖББ мектебі
АӘжТД пәнінің оқытушысы,
Алтынсарин ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.