«Западный» кітапхана-филиалының қызметкері №17 мектебінің 6 «Ә» оқушыларымен бірге «Тіл – халықтың жаны» атты зияткерлік ойын сағатын өткізді. Кітапхана қызметкері іс-шара басында тілдің тарихына тоқталды.
Қазақстан халқы тілдер мерекесінің қыркүйектің 5-і болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күні «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген. Шара жүргізушісі, енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтындығы жайлы айтты.
Іс-шара барысында тіл туралы зияткерлік ойын ойналды. Жалпы сайыс төрт кезеңнен тұрды: I кезең – «Бәйге», II кезең – «Полиглот», III кезең – «Ғажайып алаң», ІV кезең – «Жорға». Бұл кезеңде қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, география пәнінен, мәдениет және спорт саласынан сұрақтар берілді. Оқушылар ойынға белсенді атсалысып, білімдерін көрсетті. Зияткерлік сағат балалардың көңілінен шықты. Іс-шара соңында «Мемлекеттік тіл – ұлттық қазына» атты тақырыптық сөреге шолу жасалды.
Шолпан АБИЛЬТАЕВА,
«Западный» кітапхана-
филиалының қызметкері,
Қостанай қаласы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.