Халықаралық олимпиадаға жолдама

Выпуск - №41(638)   :   18.10.2024
565

image

Астана қаласында алғаш рет дүниежүзі тарихынан ағылшын тілінде республикалық олимпиада өтті. Олимпиада еліміздің әр аймағынан ғылымға құштар оқушыларды жинап, олардың тарих саласындағы білімін сынауға мүмкіндік берді.

Олимпиадаға 1400-ден астам оқушы қатысты, ал ақтық кезеңде 30 үздік оқушы бақ сынасты. Солардың он екісі – Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары. Олимпиаданың финалдық кезеңінде 6 оқушы 2025 жылы Париж қаласында өтетін халықаралық Тарихи олимпиадаға (IHO) іріктеліп алынды. Олардың ішінде Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің үш оқушысы бар.
Халықаралық олимпиадаға жолдама алған дарынды оқушыларымызға жеке-жеке тоқталып өтер болсақ: ІІІ орынға ие болған 9-сынып оқушысы Даниал Клышев (жетекшісі – Дамир Исиргепов) және ІІ орын иегерлері атанған 10-сынып оқушысы Айдос Әмірғали (жетекшісі – Айман Дуйсекова) мен 11-сынып оқушысы Дмитрий Горжанов (жетекшісі – Әйгерім Хайдарова). Бұл олимпиада оқушылардың білім деңгейін халықаралық стандарттарға сай бағалап, тарихи білімге деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Respublica партиясы Орталық аппаратының басшысы Жанат Ысқақов, Мәжіліс депутаты Айтуар Кошмамбетов және АҚШ-тан келген халықаралық Тарихи олимпиаданы ұйымдастырушылар өкілі Дэвид Мадден қатысты. Министр С.Нұрбек: «Тарих – нақты ғылым», – деп атап, жастар үшін тарихи білім берудің маңыздылығын сөз етті. Қазақстандағы тарих ғылымының дамуына ықпал ететін маңызды іс-шараны ұйымдастырушылар болашақта осындай білім сайыстарының санын көбейтуді және олардың деңгейін одан әрі көтеруді жоспарлап отыр.
Айта кету керек, олимпиада жеңімпазы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға грант алады, бұл қазақстандық оқушылар үшін оқуда жоғары жетістіктерге ұмтылуға қосымша ынталандыру болмақ.

Әсел ҚИБАШ,
Қостанай қаласындағы
НЗМ PR-маманы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.