Өткен аптада қара шаңырақ – Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 140 жылдық мерейтойы атап өтілді. Алқалы жиын барысында білім саласына еңбегі сіңген ардақты ұстаздар құрметке ие болды.
Білім ордасының 140 жылдық мерекесінде Қостанай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Бегатаров оқу процесіне енгізілген сабақтарды ұйымдастыру мен өткізудің белсенді нысандары мен әдістері үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін Гульмира Тасановаға табыс етті. Сонымен қатар, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет Грамотасымен Айгуль Тулегенова марапатталса, білім беру ұйымдарында өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі елеулі үлесі мен жетістіктері үшін Қостанай облысы әкімінің грамотасына Назгуль Садвакасова, Еркегуль Аймагамбетова және Ақмарал Серикбаева ие болды.
Іс-шарада «Дарын» РҒПО педагогикалық шеберлік және психологиялық қызмет бөлімінің жетекшісі Бақтияр Сайран орталық басшысы Ғаждембек Қуанышұлының құттықтауын жеткізіп, ұстаздардың дарынды балаларды тәрбиелеудегі еңбегін атап өтті. Артынша «Дарын» орталығының 25 жылдық мерейтойлық төсбелгісі Шолпан Сейткожина, Зоя Еслямгалиева және Ботагөз Байтасоваға табысталса, Жұмаш Булекбаева, Меруерт Ермагамбетова, Умсынай Самратова, Аманжол Сыптаев, Роза Туралина, Құралай Жұмағұлова орталықтың Құрмет Грамотасына ие болды.
Сонымен қатар, Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы В.А. Цымбалюк ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен Гульжиян Кудебаева, Мугуллсин Кадиргалиева, Қайыржан Абильгазина, Шотпай Манасбаева, Раушан Жандаулетованы марапаттады. Ал, Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының «Еңбек ардагері» медаліне Қалима Хасенова, Бану Тукешова, Аклима Карамергенова ие болды.
Бірнеше жылдар бойы осы мектепте басшылық жасаған ұстаздарымыз Көпеш Беген Қаженұлы, Қайырова Сәбира Бірмағамбетқызы және Карпыкова Галина Уразовна іс-шарамыздың құрметті қонақтары болды. Ыбырай мектебінде 10 жыл қызмет еткен композитор Қайырғали Әбішов «Ыбырай ата мектебі» әнін тарту етсе, мектебіміздің түлектері: тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі Аманжол Кузембайұлы және 1963 жылғы түлек Қоқанов Асхат Ерғалиұлы құттықтау сөздерін арнады.
Іс-шара қонақтары құрметті қонақтарымыздың атынан А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті проректоры, тарих ғ.к., қауымдастырылған профессор, доцент Э.К. Наурызбаева, Ыбырай Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі директоры Ж.К. Құсайын, облысымыздың Ы.Алтынсарин атындағы білім беру ұйымдарының, облыстық білім беру ұйымдарының директорлары, С.Мәуленов атындағы гимназия директоры А.І. Мадибаев өз құттықтауларын жолдады.
«Шырақ» Ыбырай мектебінің түлектер қоғамдастығының атынан сөз алған ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының ассистенті, Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) – БҰҰ Көші-қон агенттігінің Ұлттық консультанты Бағлай Бауыржан ұстаздарына деген алғысын білдірді. Қоғамдастықта әр жылда оқыған түлектерінің басы қосылып, мектеп пен ұстаздарына алғыс ретінде 20 жылдан астам Ыбырай мектебінде қызмет еткен педагогттерге мерейтойлық төсбелгі табыстады.
Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған
мектеп-гимназия-интернаты
«Адал азамат» бағдарламасы: балабақшадағы тәлім-тәрбие
Тарих пен тағылым тоғысқан күн
Сберечь природу в наших силах
Сила единства и результатов: итоги работы профсоюзных организаций Карасуского района
Маленькие исследователи
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».