Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында салауатты-эстетикалық әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Өмірге саламатты қадаммен» атты апталық аясында мектепішілік волейбол турнирі өтті.
Саламатты өмір салтын насихаттауды көздеген аталған додаға ата-аналар мен ұстаздар қауымы белсене қатысты. Жарыстың ережесіне сай, әр сыныптың ата-аналарынан құралған командалар құрамында 4 ер адам мен 2 әйел адам өнер көрсетіп, оларға мектеп мұғалімдерінің құрамасы лайықты бәсекелес болды. «Адал азамат» бағдарламасы мен Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспары аясында өткен бұл іс-шара мектеп пен отбасы арасындағы алтын көпірді нығайтып, бала тәрбиесіндегі ортақ мүддені паш етті.
Мұндай кездесулер тек спорттық бәсеке ғана емес, ата-аналардың өзара танысып, эмоциялық серпіліс алуына және өскелең ұрпаққа жеке үлгі-өнеге көрсетуіне мүмкіндік туғызды. Әсіресе, жарыс бойы табандылық танытқан ата-аналары мен ұстаздарына ерекше қолдау көрсеткен 5-сынып оқушыларының жанкүйерлік рухы ойын көрігін қыздыра түсті. Тартысты өткен бәсеке нәтижесінде мұғалімдер командасы жеңіске жетсе, жүлделі екінші орынды – 5-сынып, үшінші орынды – 10-сынып ата-аналары өзара бөлісті. Сонымен қатар ерекше ойын өрнегін көрсеткен қатысушылар «Ең үздік ойыншы» және «Ең үздік қорғаушы» номинацияларымен марапатталды.
Додадан кейін де ата-аналар қауымы өздерінің жағымды әсерлерімен бөлісіп, мектеп өміріне мұндай белсенді араласудың маңыздылығын атап өтті. Мектеп пен ата-ананың ынтымақтастығын арттырған бұл маңызды қадам алдағы уақытта да игі дәстүр ретінде жалғасын таба бермек.
Гүлнәз ӨМІРЗАҚ,
Аружан ҚОНАҚБАЕВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика
мамандығының
4-курс студенттері
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.