Ұлт ұстазын ұрпақтар ұмытпайды

Выпуск - №45(492)   :   23.11.2021
536

Ұлт ұстазы, ағартушы, энограф, ақын Ыбырай Алтынсаринің 180 жылдығына орай Әулиекөл аудандық білім бөлімінің тапсырысы бойынша «Статус» ЖҚБ-нің ұйымдастыруымен ауданымыздың мектеп оқушыларының қатысуымен байқауы өтті.

Байқау 3 сайыстан құралған: ақынның табиғат жайлы өлеңіне сурет, екінші сайыс атамыздың ерекше қырларын жеткізетін «Ал сен білесің бе, Ыбырай...» челленджі және үшінші зияткерлік олимпиада ойындары. Алғашқы сурет сайысында ерекше бояуымен, сурет мағынасымен көзге түскен үштік: 1-орын – Ш.Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектептің 2-сынып оқушысы Нуралы Суюндуков, 2-орын – Сосновка негізгі орта мектебінің 4-сынып оқушысы Нұрсұлтан Амантай, 3-орынға ие болған С.Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Шыңғыс Касен.

Челледж сайысы бойынша жүлделі 1-орынды С.Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушылары Малика Ибраева мен Умитжан Батталов жеңіп алды, 2-орынға Ш.Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Жанерке Бастар, ал 3-орынға №1 Қазанбасы жалпы білім беретін мектептің оқушылары Жанайым Ғалым, Сандуғаш Бегежанова, Майя Дуйсенова, Арухан Турлина, Азат Ғиса ие болды. Келесі зияткерлік олимпиаданың қорытындысы бойынша 1-орынды №1 Қазанбасы жалпы білім беретін мектептің оқушылары Жанайым Ғалым, Азат Ғиса, Жанайым Егизбаева, Майя Дуйсенова, Айым Нуртазина иеленді. Екінші орын алғандар: Үшқарасу негізгі орта мектебінің оқушысы Ернур Мурзагали, Ш.Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Саян Тулеш, Я.Сьянов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебінің оқушылары Кира Роот және Анжелика Батвинкина.

Соңғы кезең бойынша 3-орынды Үшқарасу негізгі орта мектебінің оқушысы Бейбіт Сайлау, С.Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Аружан Дитаева, Ш.Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебінің оқушылары Мөлдір Ихсан, Расулхат Нургалиев, Я.Сьянов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебінің оқушылары Абдуллаһ Орынбасар, Ангелина Немчинова мен Айжан Тасбулатова қанжығасына байлады. Барлық қатысушылар мадақтамамен, ал жеңімпаздар қосымша сыйлықтармен марапатталды. Алтынсарин атамыздың қалдырған мұрасын, артында қалдырған дара жолын ұрпақтары ұмыт қылмай, қызыға оқитыны мәлім. Оған басты себеп: байқауға қатысқан 300-ден аса оқушы. Сөз соңын бір ауыз өлең жолымен түйіндесем:

«Ыбырайдың шығармасын ұлықтайды,
Өлеңдерін оқымаса шынықпайды.
Білім деген бұлақтың көзін ашқан,
Ұлт ұстазын ұрпақтар ұмытпайды!».


Жәнібек ӘБДУӘЛИ,
«Статус» ЖҚБ жетекшісі,
Әулиекөл ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.