Ұлттық тағамдар көрмесі

Выпуск - №5(602)   :   14.02.2024
1321

Қазақтың дастарханындағы ұлттық тағамдар денсаулыққа өте пайдалы. Сан ғасырдан жалғасып келе жатқан дәстүрлі ас мәзірін бүгінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында А.Қоңқабаев атындағы ЖББ мектебінде 5–11-сыныптар арасында ұлттық тағамдар көрмесі өткізілді.

Көрмеге қазақтың ұлттық тағамдарының ең негізгісі – ет тағамдары, сүт тағамдары және ұн тағамдарының ерекше түрлері қойылды. Ұлттық тағамдардың ұлттық нақышта ағаштан жасалған арнайы ыдыстармен қойылғаны көрменің сәнін кіргізді. Ата-ана мен мектеп арасындағы тығыз байланыстың нәтижесінде барлық оқушылар ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіріп жатыр деп толық айта аламыз. Оның дәлеліндей болған осы көрмеге ата-аналар мен ұстаздардың еңбегі өте зор болды.

Оқушыларымыз да жан-жақты ізденіп, көрмеге қойылған ұлттық тағамдарымыздың жасалу жолы, құрамы, маңыздылығын таныстырып өтті. Оқушылардың барлығы іс-шараға ұлттық киіммен қатысып, молынан жайылған қазақтың бай дастарханынан дәм татты. Әр ұрпақтың бойында «Мен қазақпын!» деп мақтанышпен айтып отыратындай әсер қалдыратын ұлағатты іс-шараларды өткізіп отыру – ұстаз ретіндегі парызым деп білемін. Ұлттық құндылықтарымыз ешқашан жоғалмасын, керісінше бірлесе дәріптеп, ұрпақтан-ұрпаққа қастерлеп жеткізейік.


Айгүл САТАЕВА,
А.Қоңқабаев атындағы
ЖББМ директорының
тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары,
Жангелдин ауданы,
Ақкөл ауылы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.