Облыстың барлық мектептерінде «Үндестік» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жобаның мақсаты – бірыңғай педагогикалық ұстаным негізінде отбасы мен мектептің тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыруда ата-аналардың белсенді ұстанымын қалыптастыру.

Ата-аналар мен педагогтер ынтымақтастығының жаңа нысандарын енгізуге бағытталған аталмыш «Үндестік» жобасына мектебіміздегі сынып жетекшілерінің де қосып жатқан үлесі толассыз. Сынып жетекшілерге жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі жаңа заман талабы, оның прициптері жүктеліп отырған ауыр жүк екендігі баршамызға белгілі. Ата-аналар мен мектеп ұжымы арасында туындап жатқан мәселелерге қатысты түрлі формада жұмыстар атқарып, кері байланыс алып, өзінің істеген іс-әрекеттеріне есеп беріп отырады. Міне, біз үшін «Үндестік» жобасының маңыздылығы да осында.
Алдағы уақытта да ата-аналардың білім беру ұйымының әкімшілігімен өзара іс-қимылын жақсарту, педагогтер мен ата-аналардың қызметін көтермелеу бойынша жұмыстарымыздың нәтижесін көреміз деген сенімдеміз. Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет. Сондықтан оқушыны ізденушілік, зерттеушілікке баулу бастауыш сыныптан бастап қолға алған өте тиімді деп ойлаймын. Өйткені, бастауыш сынып оқушысының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып танысуға деген құштарлығы басым болады.
Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Сондықтан оқушыны зерттеушіліке баулу үшін, оның ата-анасымен бірлесіп жұмыс жүргізу ата-ана баласын өз бетінше жұмыс істеуге үйретіп, зерттеулер жүргізуге бейімдейді. Қамқоршылық кеңес, балаларды әр түрлі зияткерлік олимпиадаларға қатыстыру, олардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін ата-анамен байланыс жасау жұмыстары жүргізіліп келеді. Осы орайда, №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінде сынып жетекшілердің ата-аналармен ынтымақтастық жұмыстарын жүргізуде.
Қарашаның 14-25 аралығында дене шынықтыру, музыка және көркем еңбек, АӘТД, «Өнер – өжет» пән бірлестік апталығында сыныптармен «Жас сарбаз», АК-74 автоматын шашып жинау, ату әдістерін таныстырып, үйрету, «Эстетикалық жарыс», өру өнері, «Екі жұлдыз», эстафеталық жарыс, көне қобыз сарыны, дәстүрлі емес материалдардан сәндік бұйым жасау, волейбол жарысы жеңіл гимнастикалық жаттығулар, акробатикалық элементтер, спорттық жарысы «Рухани құндылық – тәрбие басы» тақырыбы негізінде жүргізілді.
Оқытудың жаңа үлгісі оқушылардың білімін, жан-жақты ойлау қабілеттері мен ой ұшқырлығын қалыптастыруына септігін тигізеді. Саламатты өмір салты, спорттың әр түріне қызығушылықты ояту арқылы оқушылардың денсаулығын сақтау және білімді, өнерлі, намысшыл, парасатты еңбекқор ұрпақ қалыптастыруда ұстаздар мен ата-аналар еңбектері орасан.
Кенжегүл АХМЕТЖАНОВА,
№2 Тобыл ЖББМ
музыка пәнінің мұғалімі,
Б.Майлин ауданы,
Тобыл кенті
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!