Ұясынан түлеп ұшты түлектер

Выпуск - №24(471)   :   19.06.2021
282

Науырзым ауданына қарасты Шолақсай жалпы білім беретін мектебінің алдарында ақ қанат арманы бар, жүректері тебіренген жас түлектеріне аттестатты тапсыру құрметіне байланысты салтанатты жиын өтті.

Қолдарына аттестат алып, алдарында сан тарау жолдар күтіп тұрған шәкірттеріміздің көзінен қуаныш байқалады. «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» дегендей, оқуын ойдағыдай тәмәмдаған олар енді үлкен өмірдің есігін ашпақ. Салтанатты шарада ең алдымен 11 «А» және 11 «Б» сыныбының түлектері сынып жетекшілері В.Б. Куличенко және Р.А. Камалиевамен ортаға шығып, қолдарын жүрек тұсына қойып, әнұранды шырқады.
Түлектерге тоқталар болсам, сыныпта 14 оқушы. Олардың әрқайсысы бір төбе. Дариға Жексембаева – «Алтын белгі» иегері, Юлия Мельник – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен аудандық олимпиаданың ІІІ орын иегері, Тоқтар Камалиев – ауыл оқушыларына арналған «IQanat» республикалық олимпиадасының жүлдегері, ал Андрей Клименко – ғылыми жоба жарысының ІІІ орын иегері. Мектеп бітірушілерге жалпы орта білім туралы аттестатты тапсыру мерекесінде салтанатты кештің қадірлі қонақтары: Науырзым ауданының құрметті азаматы Өмірзақ Ихтиляпов және Науырзым ауданының мәслихат хатшысы, депутат Гүлсім Абенова түлектерге ізгі лебіздерін білдірді.
Ал мерекенің басты қуанышы – облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың «Алтын белгі» иегеріне жіберген Алғыс хаты. Оны Дариға Жексембаеваға Өмірзақ Ихтиляпов табыс етті (суретте). Өмірзақ Бекділдәұлы жылдағы дәстүр бойынша «Алтын белгі» иегеріне ақшалай сыйлығын да ұсынды. Ағамыз өз сөзінде: «Ақыл, қайрат, білімді зерделеріңе тоқып, 11 жыл оқып, үлкен білім ордасынан үлкен өмірге араласпақшысыңдар. Сендер егемен еліміздің ертеңі мен келешегісіңдер. Сендер ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениетін өсіретін, ардақты аға-апайларымыздың ісін ары қарай жалғастыратын азаматтарсыңдар. Біз сендермен мақтанамыз. Жолдарың қашанда ақ болсын», – деп тілегін айтты.
Сонымен қатар мектеп бітіру салтанатты кешінің қонағы Гүлсім Есенғалиқызы жас түлектерге ыстық лебізін білдіріп, «Алтын белгі» иегеріне Науырзым ауданы әкімінің Алғыс хатын табыстады.
– Кеше ғана тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміз бүгін таудай болып, жайқалған жасыл баудай болып, мектеп қабырғасынан аттанғалы отыр. Бүгінгі күн ұмытылмастай есте қалары сөзсіз. Бұл күн мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтіні анық. Жолдарың сәтті болсын, – деп лебізін білдірді.
Қызметінде қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұстаздарға шәкіртінің шын жүрегінен шыққан алғысынан артық еш нәрсе жоқ. Салтанатты шарада оқушыларына білім берген, ой берген ұстаздар да ақ жүректен тілектерін арнады. Сөз алған алғашқы ұстазы Айтекова Қарлыға Тайшықарақызы шәкірттерінің болашағынан зор үміт күтетінін айтып, ұстаздық ақ тілегін жаудырды. Иә, анамыздың ақ тілегі қабыл болсын деп іштей қайталадық. Ақ жол, құрметті түлектер!

Аслан БАЙДУЛЕТОВ,
Шолақсай ЖББМ алғашқы
әскери дайындық мұғалімі,
Науырзым ауданы

 

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.