Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
08/11/26 Воскресенье

Үздік пән мұғалімі анықталды

Выпуск - №46(543)   :   25.11.2022
617

Рудный қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» атты облыстық байқаудың қалалық кезеңі ұйымдастырылып, мәресіне жетті.

Жыл сайын дәстүрге айналған «Үздік мұғалім» сайысы екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде ұстаздар өздерінің сабақтарынан бейнеүзінді сабақтарын әділ қазыларға ұсынды. Аталған сабақтарда мұғалімнің шеберлігі, қысқа мерзімді жоспарлау жаңартылған оқу бағдарламасына сай құрылғандығына, жас ерекшеліктеріне сай әдістерді дұрыс қолданғанына, сабақ мақсатының смарт мақсатта құрылуы сынды барлық критерийлері бойынша бағалап отырды. Жалпы 17 ұстаздан 12 мұғалім екінші кезеңге сүрінбей өтті. Екінші кезең бойынша қатысушыларға берілген өзекті тақырыптар бойынша эссе жазу қажет болды. Эссені де бағалау критерийлері болды.

Артынша кезек мұғалімдерге беріліп, әр ұстаз өздерінің тақырыптары бойынша жобаларын қорғап шықты. Барлық жобалар өзекті әрі жүйелі түрде жеткізілді. Әр ұстаз өз мектебінің білікті маманы екендігін дәледеп шықты. Қазылар алқасы әділ бағалап, үздік мұғалімді анықтады. Нәтижесінде бірінші орынға Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының мұғалімі Алтын Жұмабаева ие болды. Екінші орынды екі мұғалім – Дм.Карбышев атындағы №14 ЖББ мектебінің ұстазы Шамшира Кулжанова және №15 ЖББ мектебінің ұстазы Айткүл Шайкибекова иеленді.

Ал үшінші орынды №19 ЖББ мектебінің мұғалімі Мадина Аханова, №21 мектеп-гимназия ұстазы Маржан Тажина және №4 мектеп-гиназия мұғалімі Асия Сидахметова теңдей бөлісті. Қалған қатысушылар номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды. Осындай байқаулар ұстаздардың бір-бірімен тәжірибе алмасып, білім деңгейін көрсетуге таптырмас мүмкіндік. Жеңімпаздар мен қатысушыларды шын жүректен құттықтағым келеді.


Лариса САТЫБАЛДИЕВА,
Дм.Карбышев атындағы
№14 ЖББ мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.