Үздіксіз білім берудегі ұстаз

Выпуск - №5(602)   :   14.02.2024
594

Заманауи қоғамда адамның үздіксіз білім алуына ерекше мән беріледі. Соған орай, былтыр академик Темірбай Байбосынұлы Дарқамбаев атындағы Әйет жалпы білім беретін мектебі «Үздіксіз білім берудегі ұстаз» облыстық жобасына қосылды. 

Жобаның мақсаты – бастапқы психологиялық-педагогикалық білімді, іскерлікті игеру арқылы мұғалім мамандығына ынталы оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына жәрдемдесу. Аталмыш жоба педагогикалық мамандықтың ерекшеліктерін, өз әлеуетін түсіну негізінде педагогикалық мамандықты таңдауға дайындықты қалыптастыру; білім алушылардың жеке және кәсіби өзін-өзі дамыту бағыттарын айқындауына ықпал ету; қарым-қатынас, өзін-өзі реттеу, топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту міндеттерін көздейді.

Бірегей жобаның ерекшелігі – сабақтың дәстүрлі емес түрлері – практикум, тренинг, жобалар, кейс-зертхана, төңкерілген сабақ, білім беру квесті, педагогикалық бранч (Edu-бранч), кәсіби сынамалар және т.б. Жоба ғылыми, ақпараттылық, даралау, кері байланыс қағидаттарына негізделеніп, «Мұғалім – ежелгі мамандық!», «Мұғалім – маңызды мамандық!», «Мұғалім – көпшіл мамандық!», «Мұғалім – шығармашылық мамандық!», «Мұғалім – менің мамандығым!» атты бес модуль бойынша құрылымдалған. Бұл жобаға көзқарас білім алушыларды педагогикалық мамандық әлеміне біртіндеп енгізуге негізделген: тарихтан бастап өзіндік рефлексияға дейін. 

«Дарқамбаевтар» педагогикалық тобы «Үздіксіз білім беру» жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шараларға белсенді қатысуда. Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында біздің жемісті топтық жұмысымыздың қорытындысы шығарылды: «Digital TEACHER» вайн байқауында «Ең ерекше сценарий» номинациясының жеңімпазы атанып, облыстың үздік ұстазын анықтауға бағытталған сайыста «Құпия іс-шараға» дайындалған сұраққа естелік сыйлықпен марапатталдық. 

Мектептің міндеті – білім алушыларға өз таңдауын қалыптастыруға көмектесу және ол үшін қажетті жағдайлар жасау, кәсіби өзін-өзі анықтауға білікті қолдау көрсету. Осы облыстық жоба арқылы түлектеріміз болашақта білікті ұстаздар қатарын толықтырады деген сенімдеміз.


Сауле УТАРБАЕВА,
Т.Дарқамбаев атындағы
Әйет ЖББ мектебінің
директоры,
Денисов ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.