Жаңашыл ұстаз – заман талабы

Выпуск - №7(655)   :   26.02.2025
655

1

Арқалық қаласындағы №10 жалпы білім беретін мектебінде «Жаңа технологияларды қолдана отырып, білім алушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбында қалалық семинар болып өтті.

Семинарда қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, қала және ауыл мектептерінен математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері қатысты. Ал, мектебіміздің жаратылыстану бірлестігі мүшелері өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, «Сабақ барысында білім беру платформаларының тиімділігі» шеберлік сыныбын математика пәнінің мұғалімі Гүлшат Кәкен мен физика пәнінің мұғалімі Дарина Кауатаева, «Сила трения. Трения в природе и технике» кіріктірілген сабағын физика пәнінің мұғалімі Флюра Велиуллова мен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Елена Астраханцева, «Robot master» шеберлік сыныбын информатика пәнінің мұғалімдері Шоқан Төлеухан мен Жанарыс Ержанов өткізді.

2


Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар білім беру талаптарына байланысты жаңартылып отырады. Сапалы, терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Ал, оларды нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты.
Оқытуда АКТ-ны пайдаланудың маңызы зор және оны білу – әр ұстазға міндет. Мінсіз, сыни ойлап, қоғамаға өзіндік пайда әкелетін оқушы тәрбиелейтін ұстаз да осы сұраныстарға жауап беретін, сыни ойлайтын, құндылықтарды бойына сіңірген, Шульманның үш көмекшісіне сай болуы қажет. Ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыруға оң ықпал еткенін олардың семинардан алған әсерлері мен ой-пікірлерінен айқын білінді. Ұстаздың білімін шыңдап, шығармашылығын арттыруда осындай іс-шаралардың пайдасы мол.

Раушан МУХАМЕТЖАНОВА,
Гүлшат КӘКЕН,
№10 ЖББМ жаратылыстану пәндер бірлестігі мүшелері,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.