Жалпымектептік ата-аналар жиналысы

Выпуск - №8(556)   :   27.02.2023
867

Ақпан айының он алтыншы жұлдызында мектебімізде Облыстық психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының бұйрығы негізінде «Бірыңғай облыстық жалпымектептік ата-аналар жиналысы» қазақ және орыс тілінде өткізілді.

Жиналыста бүгінгі күні өзектілігі жоғары «Кәмелетке толмағандарға қатысты аутодеструктивті мінез-құлық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбы қозғалды. Жиналыста мектебіміздің педагог-психологы және әлеуметтік-педагогі баяндама оқып, практикалық жұмыстар жүргізді. Жалпы жиналыс екі бөлімнен тұрды.

Алғашқы теориялық бөлімде: суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселелерінде ата-аналардың психикалық сауаттылығының маңыздылығын арттыру; кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлқының себептері мен белгілерімен танысу; аутодеструктивті мінез-құлық тетіктерін және «ерекше назар» топтарындағы кәмелетке толмағандармен психокоррекциялық жұмыс жүйесінің кезеңдерін ашу; балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері: анықтау және шаралар қабылдау; отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерінде психологиялық қолдау көрсету; сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты ұйымдастырушылық-басқарушылық және ақпараттық-ағартушылық шаралар схемасын құру көзделді.

Келесі практикалық бөлімде тәжірибелік тапсырмалар, тренингтік жаттығулар; видео-баяндар қарау, талқылау, кері байланыс; ақпараттық материал (жадынамалар, буклеттер) таратылды. Осылайша өзекті тақырыпты неғұрлым түсінікті етіп жеткізуге бағытталған жалпымектептік ата-аналар жиналысына балалардың ата-аналарымен қатар сынып жетекшілер, пән мұғалімдері қатысты. Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерге ата-аналар көкейлерінде жүрген сауалдарды қойып, жеке-жеке де әңгімелесті.

Сымбат МИЗАМБАЕВА,
М.Хәкімжанова атындағы
Щербаков ЖББ мектебінің
педагог-психологы,
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Алтынсарин ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.