Осындай тақырыпта Мемлекеттік тілде оқытатын А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте қаңтардың 27-сі мен ақпанның 7-сі аралығында жаратылыстану және математика бағытындағы пәндердің онкүндігі болып өтті.
Ғылым мен техниканың қарқынды дамыған уақытында еліміз өзге елдермен иық тіресіп, ғылым-білім саласы бойынша бәсекеге түсетіндей жағдайға да жеттік. Әрине, бұның барлығы тынымсыз еңбектің арқасында. Негізгі мақсат – жаратылыстану және математика бағытындағы пән сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
Апталықтың ашылу салтанатында мектебіміздің директоры Көпжасар Хажмуханов құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларымыз тақпақтар айтып, көрініс көрсетті. Артынша онкүндіктің қысқаша жоспары таныстырылып өтті. Әдеттегідей, онкүндікте жаратылыстану-математика бағытында сабақ беретін ұстаздар өздерінің жоспарланған сабақтарын өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті. Сабақтарды өткізу барысында пән мұғалімдері өздерін жан-жақты көрсете білді. Қазіргі жағдайға қаншалықты дайын екендіктерін көрсетіп, түрлі білім платформаларымен, жасанды интеллект технологияларымен, сондай-ақ, мектебімізге келген жабдықтарымен жұмыс істей отырып, оқушыларды белсенді қатыстыра білді.
Ал, сыныптан тыс іс-шараларға мектебіміздің оқушылары өте бесенді атсалысты. Мәселен, 5–7-сыныптар арасында өткен интеллектуалды сайыста оқушылар жаратылыстану-математика пәндерінен қойылған қызықты сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынады. Білім додасында әр сыныптан 3 оқушыдан қатысып, бақтарын сынады. Сайыс барысында оқушыларға жаратылыстану және математика, логикаға байланысты түрлі танымдық сұрақтар жасырылды. Ой мен ойын додасының нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Ал, жоғарғы сынып оқушыларымен, яғни 8–11-сынып аралығындағы білім алушылармен «CounterStrike 1.6» жарысы ұйымдастырылды. Бұл ойынға да оқушылар белсенділікпен қатысты. Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, сертификатпен және мақтау қағазымен марапатталды.
Жыл сайын онкүндік аясында мектеп ұстаздарымен де қызықты ойындар өткізу дәстүрге айналған. Биыл ұстаздарымызбен «Қысқы дала ойындары» сайысы ұйымдастырылды. Жалпы, төрт кезеңнен тұратын ойын болып, әр ұстаз керемет көңіл-күйге бөлене білді десек, артық айтқанымыз емес. Осылайша, онкүндік жоспарға сай өтіп, мақсатына жетті. Қорытынды кеште барлық атсалысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталып, сыйлықтарға ие болды. Онкүндікте өткізілген әрбір ашық сабақ пен сыныптан тыс іс-шаралар мектебіміздің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланып, онкүндік жоспарымен кез келген уақытта қосылып, танысу мүмкіндігін берді.
Қаламқас ДУЛЫБАЕВА,
Мемлекеттік тілде оқытатын А.Байтұрсынұлы атындағы
жалпы білім беретін мектептің математика пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.