Жас актёрлеріміздің үлкен жеңісі

Выпуск - №13(561)   :   08.04.2023
773

Оқушылардың тілі мен ойлау қабілетін қалай дамытуға болады? Сөздің сырын түсінуге, әлемді тануға, елгезектік пен қайырымдылыққа, біреудің қайғысына ортақтаса білу мен барлық тіршілік иесін жақсы көруге қалай үйрету керек?

Эмоционалдық ұялшақтықтан, қысылып-қымтырылудан арылу мен сөзді, образды сезіне білу және кейіпкердің сезімдерін шынайы жеткізе білуді үйренудің бірден-бір жолы – балалардың қиялдау мен ойын құрастыра білу қабілеттерін дамытуға ықпал ететін театрландырылған үйірмелер. Дегенмен балалар театры – көркемдік нәтижеге жету құралы, яғни спектакль қою ретінде ғана қарастырылмайды. Театр өнерімен шұғылдану оқушылардың ойлау қабілеті мен таным қызығушылығын белсендіруі, қиялы мен шығармашылығын дамытып, ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығын оятуы өте маңызды.

Қостанай ауданындағы Мичурин жалпы білім беретін мектебінің театр үйірмесі 2020 жылдан бері «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Балалар және театр» арнайы жобасы аясында жұмыс істеп келеді. Театр үйірмесіне қатысатын оқушыларымыз қойылымдар қойып қана қоймай, өздерінің актёрлік шеберліктерін шыңдап, сахнада өздерін еркін ұстауды үйреніп келеді. Мектебіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгуль Жанамкулованың жетекшілігмен бірнеше тақырыпта тағылымды қойылымдарды қойып, аудандық, облыстық деңгейдегі байқауларда жүлдегер атанып жүр.

Былтыр, 2022 жылы, Президентіміздің қолдауымен тегін үйірмелер негізінде енгізілген «Art Sport» бағдарламасы аясында мектеп базасында «Мәнерлеп оқу» үйірмесі ашылып, «Бөпежан» шығармашылық студиясы жұмысын бастады. Жетекшісі болып Айгуль Жанамкулова бекітіліп, мектептің театр үйрімесіне қатысатын оқушылар аталмыш студияға жазылып, актёрлік шеберлік бойынша қосымша сабақтарға қатыса бастады. Нәтижесінде «Бөпежан» шығармашылық студиясы ашылғалы мектебіміздің театр үйірмесі одан әрі жанданып, республикалық және халықаралық деңгейдегі байқауларға қатыса алатын мүмкіндікке ие болды.

Мәселен, жақында мектебіміздің театр үйірмесі Астана қаласында өткен VI халықаралық «Шашу» өнер фестиваліне қатысып, «Көркем сөз және театр» номинациясында Бас жүлдеге ие болды. Аталмыш фестивальде мектеп театры Мұхтар Шахановтың «Отырар сазы» дастанын сахналап, оқушыларымыз актёрлік шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетіп, әділ қазылар мен қалың көрерменнің жүрегіне жол таба алды. Жеңімпаздарға ортақ кубог, Гран-при иегерінің дипломы, сондай-ақ әр оқушыға жеңімпаз медалі мен театр жетекшісі Айгуль Сергеевнаға «Үздік жетекші» төсбелгісі мен сертификаты табыс етілді.

Оқушыларымыз сайысқа қатысып қана қоймай, «Бөпежан» шығармашылық студиясының қолдауымен Астана қаласының көрікті жерлерін аралап, тамаша көңіл-күйде үйлеріне оралды. Осындай халықаралық байқауға қатысуға демеушілік жасаған оқушылардың ата-аналарына, мектеп мұғалімдеріне, «Бөпежан» шығармашылық студиясының басшысы Бөпежан Байтаковаға және Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Манат Карбозовке алғыс білдіреміз.


Ерасыл ҚАЗЫБАЕВ,
Мичурин ЖББМ
басшысының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Жазира СӘКЕН,
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімдері,
Қостанай ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.